РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13–бабының 3–тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1–тармағының 14) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсету үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 4/9–V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2633 тіркелген, «Уба-Информ» газетінде 2012 жылғы 17 тамыздағы № 33 - санында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
2–тармақтағы 4) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов