РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдесіндегі № 4-38/V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2617 нөмірімен тіркелген, «Уақыт тынысы» газетінің 2012 жылдың 09 тамызында 70 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 2 қосымшасындағы 4 тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрағасы Б. Мусабаев
Үржар аудандық мәслихатының
хатшысының міндетін атқарушы Қ. Тлеуов