"Бородулиха ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 13 шілдедегі № 6-4-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 3000 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-8-V шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 21-8-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 13-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бородулиха ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі № 6-4-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 30 шілдеде 2618 нөмірімен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 65 (256), «Пульс района» газетінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 65 (6575) сандарында жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «8) жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, жоғары оқу орындарында оқып жатқан балалар үйінің түлектері»;
      2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                 Д. Сәлімова
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                       У. Майжанов