Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, аудандық әкімдіктің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 328 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Облыс әкімдігімен келісілген алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Сұлтановқа) жүктелсін.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың ХVII сессиясының төрағасы |
Ә. Балжігітов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Кенғанов |
Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 шешіміне 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі
Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 шешіміне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 20.04.2015 № 28-1 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2015 бастап 31.12.2015 күшін сақтайды).