Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 желтоқсанда № 2823 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, аудандық әкімдіктің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 328 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Облыс әкімдігімен келісілген алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Сұлтановқа) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың
      ХVII сессиясының төрағасы                  Ә. Балжігітов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Кенғанов

Жылыой аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 17-22 шешіміне 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі

Атаулы күндер мен мереке күндері

Еселігі

1

Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні

Жылына бір рет

2

Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - Чернобыль АЭС) апаттың зардабын жою күні

Жылына бір рет

3

Жеңіс күні

Жылына бір рет

4

Балаларды қорғау күні

Жылына бір рет

5

Мүгедектер күні

Жылына бір рет

Жылыой аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 17-22 шешіміне 2-қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшері

Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары

Атаулы күндер мен мереке күндері

Әлеуметтік көмектің мөлшері, теңге

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

Жеңіс күні

100000

2

"Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар

Жеңіс күні

5000

3

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары

Жеңіс күні

5000

4

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған зайыбы (жұбайы)

Жеңіс күні

5000

5

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар

Жеңіс күні

5000

6

Ауғанстандағы ұрыс-қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер

Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні

5000

7

Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған немесе қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасылары

Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні

5000

8

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар ішінен оқшаулау аймағынан көшірілген және Қазақстан Республикасына қоныс аудартылған (өз еркiмен көшкен) адамдар, көшіру күнi анасының құрсағында болған балаларды қоса алғанда

Чернобыль атом электр станциясындағы апатты зардабын жою күні

5000

9

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардабынан мүгедек болған адамдар

Чернобыль атом электр станциясындағы апатты зардабын жою күні

5000

10

Он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар

Балаларды қорғау күні

5000

11

Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер

Мүгедектер күні

5000