Қостанай ауданының Затобол кентіндегі № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 448 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4316 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданының Затобол кентіндегі № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      ______________ С. Байменова

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________ Г. Оспанбекова
 

Әкімдіктің        
2013 жылғы 16 қазандағы 
№ 448 қаулысына қосымша 

Қостанай ауданының Затобол кентіндегі № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 102 ұңғыма

Радиусі – 30 метр

0,283 гектар

Ұзындығы – 347 метр Барынша ені –
33 метр

1 гектар

Ұзындығы – 978 метр Барынша ені – 590 метр

53,6 гектар

      Ескерту: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентіндегі "Исток Аква" ЖШС № 102 ұңғымасы учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Исток Аква" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).