Қарасу ауданының Новопавловка ауылындағы № 1э ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылы 16 қазандағы № 446 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4315 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданының Новопавловка ауылындағы № 1э ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      _______________ С. Байменова

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      ММ басшысы
      __________________ Қ. Төлеубаев

      Қарасу ауданының әкімі
      _______________ А. Шәмшиев

Әкімдіктің      
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 446 қаулысына қосымша

Қарасу ауданының Новопавловка ауылындағы
№ 1э ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының
мөлшерлері

І - белдеу

шекарасы

ауданы

№ 1 э
ұңғымасы

Радиусі – 50
метр

0,785 гектар

      Кестенің жалғасы:

Су тарту
көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының
мөлшерлері

ІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

№ 1 э
ұңғымасы

Ұзындығы – 295
метр
Барынша
ені – 224 метр

6,6 гектар

      Кестенің жалғасы:

Су тарту
көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының
мөлшерлері

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

№ 1 э
ұңғымасы

Ұзындығы – 4054
метр
Барынша
ені – 408 метр

165,4 гектар

      Ескерту: "Қарасу ауданының Новопавловка ауылындағы № 1э ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесінің жобасы" картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Ключевое" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).