Жер асты сулары Таран кең орнының № 0705 және № 0706 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 445 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4313 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес жер асты сулары Таран кең орнының № 0705 және № 0706 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      _______________ С. Байменова

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова

Әкімдіктің       
2013 жылғы 16 қазандағы 
№ 445 қаулысына қосымша 

Жер асты сулары Таран кең орнының
№ 0705 және № 0706 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

Ұңғымалар
№ 0705
және
№ 0706

Ұзындығы –
50 метр
Ені –
30 метр

0,15
гектар

Ұзындығы –
283 метр
Барынша
ені –
132 метр

3,22
гектар

Ұзындығы –
323 метр
Барынша
ені –
223 метр

2,28
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысындағы жер асты сулары Таран кең орнының № 0705 және № 0706 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Сулу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).