2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын – ІІ жер асты сулары кең орнының № 980201, № 980202, № 980203, № 980204 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 452 қаулысына қосымша
Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын – ІІ жер асты
сулары кең орнының № 980201, № 980202, № 980203, № 980204
ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І-белдеу |
ІІ-белдеу |
ІІІ-белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 980201, |
Радиусі - |
3,14 |
Ұзындығы |
26,3 |
Радиусі - |
230,4 |
Ескерту: "Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын – ІІ жер асты сулары кең орнының № 980201, № 980202, № 980203, № 980204 ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің негіздеу жобасы" картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қостанай" филиалы).