Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 233 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 4190 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      _________ Б. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және
      қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттiк
      мекемесінің басшысы
      _________ Г. Оспанбеков

Әкімдіктің       
2013 жылғы 17 маусымдағы 
№ 233 қаулысына   
қосымша        

Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзі-
нің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1,
№ 2
ұңғы-
малар

Радиусі
- әр
ұңғы-
маның
айнала-
сында
50 метр

0,905
гектар

Ұзынды-
ғы –
129,5
метр
Барынша
ені –
95,0
метр

1,05
гектар

Радиусі
- әр
ұңғыма-
ның
айнала-
сында
392 метр

28,95
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Тоғызақ теміржол станциясында орналасқан 1 және 2-ұңғымалар учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулері мөлшерлерінің негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).