Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданындағы Арыстансор теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
директоры
_______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттiк
мекемесінің басшысы
_______________ Г. Оспанбекова
| Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 231 қаулысына қосымша |
Денисов ауданындағы Арыстансор
теміржол станциясының аумағында орналасқан
№ 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І-белдеу | ІІ-белдеу | ІІІ-белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
| № 1, № 2 (74) ұңғымалар | Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр | 0,8 гектар | Ұзындығы – 73,6 метр Әр ұңғыма үшін барынша ені – 38,4 метр | 0,3 гектар | Радиусі - әр ұңғыманың айналасын- да 188,2 метр | 11,12 гектар |