Денисов ауданындағы Арыстансор теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 231 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде № 4182 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданындағы Арыстансор теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесінің
      директоры
      _______________ Б. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесінің басшысы
      _______________ Г. Оспанбекова

Әкімдіктің         
2013 жылғы 17 маусымдағы 
№ 231 қаулысына қосымша  

Денисов ауданындағы Арыстансор
теміржол станциясының аумағында орналасқан
№ 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1,
№ 2 (74)
ұңғымалар

Радиусі -
әр ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,8 гектар

Ұзындығы –
73,6 метр
Әр ұңғыма
үшін барынша
ені –
38,4 метр

0,3
гектар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасын-
да 188,2
метр

11,12
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысы, Денисов ауданы Арыстансор теміржол станциясының ауданында орналасқан 1 және 2 (74) ұңғымалар учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулері мөлшерлерінің незідемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).