Қамысты ауданындағы Красногор кең орнының № 1 рэ ұңғымасы учаскесінде жер асты суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 243 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде № 4181 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қамысты ауданындағы Красногор кең орнының № 1 рэ ұңғымасы учаскесінде жер асты суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н.Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      _______ Б. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігінің Су
      ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау
      жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесінің басшысы
      ________ Г. Оспанбекова

Әкімдіктің        
2013 жылғы 17 маусымдағы  
№ 243 қаулысына     
қосымша         

Қамысты ауданындағы Красногор кең орнының № 1 рэ ұңғымасы учаскесінде жер асты суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзі-
нің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1 рэ
ұңғы-
масы

Радиусі
– 50
метр

0,785
гектар

Ұзынды-
ғы –
88 метр
Барынша
ені –
42 метр

0,36
гектар

Ұзындығы
– 667
метр
Барынша
ені – 138
метр

8,91
гектар

      Ескерту: № 1 рэ ұңғымасының санитарлық қорғау аймақтары жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Шаймерден" акционерлік қоғамы).