Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын учаскесінде № 1э және № 2э ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 234 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 шілдеде № 4178 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын учаскесінде № 1э және № 2э ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесінің
      директоры
      _______________ Б. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      _______________ Г. Оспанбекова

      "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасы" ММ басшысы
      _______________ Қ. Төлеубаев

      Федоров ауданының әкімі
      _______________ Қ. Ахметов

Әкімдіктің       
2013 жылғы 17 маусымдағы 
№ 234 қаулысына қосымша 

Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын
учаскесінде № 1э және № 2э ұңғымаларының шаруашылық-ауыз
су тартуының санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1э ұңғыма

Радиусі –
50 метр

0,785
гектар

Радиусі –
50 метр

0,785
гектар

Радиусі –
265 метр

21,26
гектар

№ 2э ұңғыма

Радиусі –
30 метр

0,28
гектар

Радиусі –
49,6 метр

0,49
гектар

Радиусі -
412 метр

52,81
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысының Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын учаскесінде № 1э және № 2э су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).