Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 118 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 162 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 шілдеде № 4171 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 118 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4090 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 сәуірде "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларында:
      67-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстық мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
      7. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу негізсіз болған жағдайда, облыстық мәслихат ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерін негіздей отырып, су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В. Ковальский

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________ Б. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігі Балық шаруашылығы
      комитетінің Тобыл-Торғай
      облысаралық бассейндік
      балық шаруашылығы инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________ Н. Сәрсенов

      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігінің Орман
      және аңшылық шаруашылығы
      комитетінің Қостанай
      облыстық орман және
      аңшылық шаруашылығының
      аумақтық инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________ М. Бегімбетов

      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және
      қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар
      министрлігі Қостанай
      облысының Төтенше жағдайлар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________ М. Танабаев

      "Қостанай облысы
      әкімдігінің табиғи
      ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ________ Қ. Төлеубаев