Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 118 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 сәуірде № 4090 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 468 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімің қосымшасына сәйкес Қостанай облысының су объектілерінде ортақ суды пайдаланудың қағидалары белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Сергеев

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Ещанов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Балық шаруашылығы комитеті
      Тобыл-Торғай облысаралық
      бассейндік балық
      шаруашылығы инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      (ММ) бастығы
      _________ Н. А. Сәрсенов

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Орман және аңшылық шаруашылығы
      комитетінің Қостанай облыстық
      орман және аңшылық шаруашылығы
      аумақтық инспекциясы" бастығы
      ___________ М. А. Бегімбетов

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау
      жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      ММ бастығы
      _______ Г.К. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      департаменті" ММ директоры
      ________ Б. М. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар
      министрлігі Қостанай
      облысының төтенше
      жағдайлар департаменті"
      ММ бастығының
      міндетін атқарушы
      _____ Н.Н. Мұхамбетов

      "Қостанай облысы
      әкімдігінің табиғи
      ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу
      басқармасы" ММ бастығының
      міндетін атқарушы
      ________ С.Қ. Қалиев

Мәслихаттың       
2013 жылғы 1 наурыздағы  
№ 118 шешіміне    
қосымша         

Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су
пайдаланудың қағидалары

      Осы Ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 38-бабының 1) тармақшасына, 65-бабына және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      1. Мынадай:
      1) техникалық құралдарды қолданбай жер үстi көздерiнен су алу кезiнде;
      2) ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
      3) кеме қатынасы және шағын кемелердi пайдалану үшiн;
      4) мал суару үшiн су объектiлерiн пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.
      Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектiлерiнде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектiлерiнде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейдi.
      2. Осы Қағидалар меншiк нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
      3. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында, өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қостанай облысының су объектілерінде:
      ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде шомылуға;
      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган тыйым салған орындарда жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алуға;
      ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануын және қоқыстануын болғызбайтын суат алаңдарының және тағы басқа құрылғылар болмаған кезінде және ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарында малды суаруға тыйым салынады. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суат алаңдарын жайластыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.
      Шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзіп жүретін құралдарда жүруге тыйым салынған орындар "Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына сәйкес белгіленеді.
      4. Жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізбесіне кіретін су объектілерінде және ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесіне енгізілген су объектілерінде, оның ішінде: Бозшакөл көлінде (Сарыкөл ауданы), Құсмұрын көлінде (Алтынсарин, Әулиекөл аудандары), Теңіз-Карақамыс көлдерінің жүйесінде (Ұзынкөл ауданы), Қойбағар-Тымтәуір көлдерінің жүйесінде (Қарасу ауданы), Қулыкөл-Талдыкөл көлдерінің жүйесінде (Қамысты ауданы), Тымтәуір көлінде (Қарасу ауданы), Шошқалы көлінде (Ұзынкөл ауданы), Жарман көлінде (Ұзынкөл ауданы), Теңіз көлінде (Мендіқара ауданы) суда жүзетін құстардың жаппай ұялау орындарында және балықтардың уылдырықтау, олардың өрбу кезіндегі қозғалтқыштары қосылған катерлерде, моторлық қайықтарда және басқа да жүзіп жүретін құралдарда жүзу бөлігіндегі ортақ су пайдалану құқығын шектеу белгіленсін.
      Балық ресурстарының және басқа су жануарларының өрбіту және уылдырықтау кезеңінде балық аулауға ортақ су пайдалану құқығын шектеу "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына сәйкес белгіленеді.
      5. Елдiң қорғанысын және мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұра, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында жеке су нысандарын немесе олардың бөлiктерiн пайдалану шектелуi, тоқтатылуы немесе тыйым салынуы мүмкiн.
      6. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстық мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
      Ескерту. 6-тармағы жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 28.06.2013 № 162 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу негізсіз болған жағдайда, облыстық мәслихат ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерін негіздей отырып, су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
      Ескерту. 7-тармағы жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 28.06.2013 № 162 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды басқа шарттары туралы халықты облыстың жергiлiктi өкiлдi органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгiлермен хабардар етедi.
      9. Бекiтiлмеген су объектiлерiнде осы Қағидаларды бұзғаны үшiн айыппұл мөлшерi туралы ескертулер бар тыйым салатын белгiлер мен плакаттар орнатуды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
      10. Кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу Қазақстан Республикасының "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шiлдедегi және  "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы заңдарымен регламенттеледi.