Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 56 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 наурызда № 4058 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      __________ Б. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Г. Оспанбекова

      "Қостанай облысы
      әкімдігінің табиғи
      ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу
      басқармасы"
      ММ бастығы
      _______ Қ. Төлеубаев

      Қостанай
      ауданының әкімі
      ______ А. Ахметжанов

Әкімдіктің       
2013 жылғы 12 ақпандағы  
№ 56 қаулысына    
қосымша        

Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзі-
нің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

Шекара-
сы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы


920501
ұңғыма

Ұзынды-
ғы – 60
метр
Ені –
45 метр

0,27
гектар

Ұзындығы –
103,3 метр
Барынша
ені – 104
метр

0,8675
гектар

Ұзындығы
– 601,6
метр
Барынша
ені – 454
метр

20,65 гектар

      Ескерту: "Қостанай облысының Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде "Озерное" ЖШС су тартудың санитарлық қорғау аймақтарының белдеулерін негіздеу жобасы" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Озерное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).