Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы № 2, № 4, № П, № 25, № 36, № 37 ұңғымалар учаскесінде, Жамбыл көлінің және Тобыл өзенінің сіңіретін су айдындарында Жамбыл шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің
Қостанай облысы
бойынша департаменті"
мемлекеттік
мекемесінің директоры
________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су
ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі
_______ Г. Оспанбекова
"Қостанай облысы
әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасы"
ММ бастығы
_____ Қ. Төлеубаев
Қостанай
ауданының әкімі
_____ А. Ахметжанов
| Әкімдіктің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысына қосымша |
Қостанай ауданындағы № 2, № 4, № П, № 25, № 36, № 37 ұңғымалар учаскесінде, Жамбыл көлінің және Тобыл өзенінің сіңіретін су айдындарында Жамбыл шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
| № П ұңғыма | Ұзындығы - 100 метр Ені – 100 метр | 1 гектар | Ұзындығы – 720 метр Барынша ені – 820 метр | 40,27 гектар | Ұзындығы – 3181 метр Барынша ені – 2978 метр | 709 гектар |
| № 25 ұңғыма | Ұзындығы - 100 метр Ені – 100 метр | 1 гектар | ||||
| № 37, № 4 ұңғыма- лар | Ұзындығы – 206 метр Ені – 100 метр | 2,06 гектар | ||||
| № 36, № 2 ұңғыма- лар | Ұзындығы – 267 метр Ені – 100 метр | 2,67 гектар | ||||
| Сіңі- ретін су ай- дындары (Жамбыл көлі, Тобыл өзені) | Ұзындығы – 220 метр Ені – 200 метр | 3,57 гектар | Ұзындығы – 5200 метр Барынша ені – 1000 метр | 537 гектар | Ұзындығы – 5200 метр Барынша ені – 2700 метр | 579 гектар |