Қостанай ауданындағы № 2, № 4, № П, № 25, № 36, № 37 ұңғымалар учаскесінде, Жамбыл көлінің және Тобыл өзенінің сіңіретін су айдындарында Жамбыл шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 ақпанда № 4050 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы № 2, № 4, № П, № 25, № 36, № 37 ұңғымалар учаскесінде, Жамбыл көлінің және Тобыл өзенінің сіңіретін су айдындарында Жамбыл шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы
      бойынша департаменті"
      мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      ________ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Су
      ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау
      жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесі
      _______ Г. Оспанбекова
      "Қостанай облысы
      әкімдігінің табиғи
      ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу
      басқармасы"
      ММ бастығы
      _____ Қ. Төлеубаев
      Қостанай
      ауданының әкімі
      _____ А. Ахметжанов

  Әкімдіктің
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 26 қаулысына
қосымша

Қостанай ауданындағы № 2, № 4, № П, № 25, № 36, № 37 ұңғымалар учаскесінде, Жамбыл көлінің және Тобыл өзенінің сіңіретін су айдындарында Жамбыл шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ П
ұңғыма

Ұзындығы -
100 метр
Ені – 100
метр

1
гектар

Ұзындығы
– 720
метр
Барынша
ені – 820
метр

40,27
гектар

Ұзындығы –
3181 метр
Барынша ені –
2978 метр

709
гектар

№ 25
ұңғыма

Ұзындығы -
100 метр
Ені – 100
метр

1
гектар

№ 37,
№ 4
ұңғыма-
лар

Ұзындығы –
206 метр
Ені – 100
метр

2,06
гектар

№ 36,
№ 2
ұңғыма-
лар

Ұзындығы –
267 метр
Ені – 100
метр

2,67
гектар

Сіңі-
ретін
су ай-
дындары
(Жамбыл
көлі,
Тобыл
өзені)

Ұзындығы –
220 метр
Ені – 200
метр

3,57
гектар

Ұзындығы
– 5200
метр
Барынша
ені –
1000 метр

537
гектар

Ұзындығы –
5200 метр
Барынша ені –
2700 метр

579
гектар

      Ескерту: № 2, 4, П, 25, 36, 37 ұңғымалар учаскесінде, Жамбыл көлінің және Тобыл өзенінің сіңіретін су айдындарында Жамбыл шаруашылық-ауыз суға арналған су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші Қостанай ауданы әкімдігінің "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі).