Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданындағы "Варваринское" акционерлік қоғамының № А-5 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Қостанай облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2013 жылғы 4 ақпандағы
№ 37 қаулысына қосымша
Таран ауданындағы "Варваринское" акционерлік қоғамының № А-5 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І - белдеу |
ІІ - белдеу |
ІІІ - белдеу |
||||
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
|
№ А-6, |
Радиусі - |
Әр |
Ұзындығы |
2,18 |
Ұзындығы |
30,29 |
Ескерту: "А-5 ұңғыма учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Варваринское" акционерлік қоғамы).