Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу" жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805, № 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 ақпанда № 4032 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу" жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805, № 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      _______________ Б. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Оспанбекова

Әкімдіктің      
2013 жылғы 11 ақпандағы 
№ 49 қаулысына қосымша 

Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу"
жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз
су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805,
№ 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде
санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

І-белдеу

ІІІ-белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 9801,
№ 9802,
№ 9803,
№ 9804,
№ 9805,
№ 9806,
№ 9807
ұңғымалар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айнала-
сында
50 метр

5,50
гектар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айнала-
сында
112 метр

27,57
гектар

Радиусі - әр
ұңғыманың
айналасында
1509 метр

943,97
гектар

      Ескерту: "Тұщыландырылған белдеу" жер асты суларының кен орны Федоров су тартуының №№ 9801-9807 ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Чистый колодец" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).