Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосында" деген сөз "ауылында" деген сөзбен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді - Қостанай облысы әкімдігінің 08.09.2014 № 444 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
_______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 28 қаулысына қосымша
Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ
элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде
жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І-белдеу |
ІІ-белдеу |
ІІІ-белдеу |
||||
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
|
№ 128 |
Радиусі- |
0,785 |
Радиусі- |
5,85 |
Радиусі |
292,4 |
Ескерту: "Қостанай облысының Қарабалық ауданы Тоғызақ элеваторының аумағындағы Тоғызақ ауылында № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары І, ІІ, ІІІ белдеулерінің санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Тоғызақ элеваторы" акционерлік қоғамы).