Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
_______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Г. Оспанбекова
| Әкімдіктің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 28 қаулысына қосымша |
Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ
элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде
жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І-белдеу | ІІ-белдеу | ІІІ-белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
| № 128 ұңғыма | Радиусі- әр ұңғыманың айнала- сында 50 метр | 0,785 гектар | Радиусі- әр ұңғыманың айнала- сында 136,5 метр | 5,85 гектар | Радиусі -әр ұң- ғыманың айнала- сында 965 метр | 292,4 гектар |