Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 12 ақпанда № 4010 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесінің
      директоры _____________ Б. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
      қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Оспанбекова
 

Әкімдіктің       
2013 жылғы 4 қаңтардағы 
№ 3 қаулысына қосымша  

Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 09107
(1-56),
№ 09108
(2-86)
ұңғымалар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр

1,57
гектар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
230 метр

33,22
гектар

Радиусі -
әр ұңғыманың
айналасында
1802 метр

1020
гектар

      Ескерту: "Жер асты суларының Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Денисов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі).