Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындау туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда № 2338 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 21.10.2016 № 5/58 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі айқындалсын.
      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласы бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, сонымен қатар азаматтарды мұқтаждардың жекелеген санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалды-тұрмыстық жағдайын тексеруден өткізу негіздері белгіленсін.
      3. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 3/36 "Бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 29 мамырда № 11-1-178 болып тіркелген).
      4. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.Шудабаева).
      6. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж. Жолдасбаев
      Мәслихат хатшысы М. Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      12 желтоқсан 2013 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Ким
      12 желтоқсан 2013 жыл

  Қалалық маслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 16/154 шешіміне 1 қосымша

Ақтау қаласы бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.09.2014 № 24/219 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2015 № 30/284(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 дейін қолданыста болады) шешімдерімен.
      1) Төрт және төрттен жоғары бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар, кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      2) үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасылар;
      3) паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық мекемеден шығарылған, туберкулезден қолдаушы фаза емін алып отырған азаматтар;
      5) иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғалар;
      6) халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына жататын студенттер, оның ішінде:
      бала жасынан мүгедектер, барлық топтың мүгедектері;
      жетім балалар, ата-аналардың біреуі қайтыс болған балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінде, балалар ауылында тәрбиеленушілер;
      балалар, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер немесе біреуі мүгедек болып табылатын;
      төрт және төрттен жоғары бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасыдан шыққан балалар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар, кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      7) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері (Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері), батыр қалаларды және әскери даңқ қалаларына баруын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының қатысушы мемлекеттердің аумағындағы шайқас болған жерлерге, қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге бару үшін жауынгерлердің отбасы мүшелері, (әрі қарай – шайқас болған және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге баруға қатысушылар);
      жауынгерлердің отбасы мүшелері жерленген жерлерге 2 (екі) адамнан көп емес –жауынгердің отбасы мүшесі және оған ілесіп жүруші немесе 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері және оған ілесіп жүруші жолданады.

  Қалалық маслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 16/154 шешіміне 2 қосымша

Ақтау қаласы бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, сонымен қатар азаматтарды мұқтаждардың жекелеген санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалды-тұрмыстық жағдайын тексеруден өткізу негіздері

      1. Үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмек өтініш бойынша, табыс есебінсіз, ай сайын, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      2. Әлеуметтік мәні бар ауруы бар тұлғаларға: паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық мекемеден шығарылған, туберкулезден қолдаушы фаза емін алып отырған азаматтар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғаларға әлеуметтік көмек емделу мен қосымша тамақтандыруға өтініш бойынша табыс есебінсіз, біржолғы, 26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      3. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтік көмек өтініш бойынша, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден 6 айдан кешіктірілмей, табыс есебінсіз, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      4. Мүгедектілігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін негізгі азық-түлік өнім бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, табыс есебінсіз ай сайын, 0,5 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі (төлеу тоқсан сайын жүргізіледі).
      5. Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан (бір жарымнан) төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыдан шыққан тұлғаларға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек өтініш бойынша біржолғы, тұрмыстық қажеттіліктерге көрсетіледі. Әр түрлі жағдайларда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия анықтайды және оны әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытындыда 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетеді.
      6. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орындарының бесінші курс, интернатура студенттерінен және резидентура тыңдаушыларынан басқа) әлеуметтік көмек білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорттың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш) еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға ұсынылады (бұдан әрі – Студенттерге әлеуметтік көмек).
      Студенттерге әлеуметтік көмек оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде ақысы бір жолғы төлемнен, сонымен қатар 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмектен тұрады.
      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын ("Стоматология" мамандығынан басқа) білім беру қызметіне төлеу үшін, сонымен қатар 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмек, кірісі есепке алынбай, жасақталған Арнайы шарт негізінде келесі тұлғаларға ұсынылады:
      1) бесінші курс студенттеріне;
      2) интернатура студенттеріне;
      3) резидентура тыңдаушыларына.
      Арнайы шарт Ақтау қаласы бойынша мамандыққа сұраныс болған жағдайда, жас мамандар бес жыл ішінде мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда еңбекпен өтеу үшін, "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша жасақталады.
      Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарында ашылған жеке шоттарына жіберіледі.
      Ескерту. 6 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 17.05.2016 № 2/21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6-1. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедек студенттерге, өтініш берген уақыттың алдыңғы он екі айға, Маңғыстау облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 3-еселік ауқымынан төмен отбасыларға көрсетіледі.
      Ескерту. 2-қосымша 6-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.09.2014 № 24/219 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) .
      6-2. Әлеуметтік көмек шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге баруға қатысушылар үшін және ілесіп жүруші тұлғаға cапар аяқталғаннан кейін нақты шығындар бойынша, табысын есептеместен әр адамға 150 000 (бір жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде растайтын құжаттарымен бірге арызы бойынша бір рет беріледі. Аталған шараны қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-қосымша 6-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 03.07.2015 № 30/284 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 дейін қолданыста болады).
      7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматты мұқтаждардың жекелеген санатына жатқызу және тұлғаның (отбасының) материалды- тұрмыстық жағдайын тексеруден өткізу негізі:
      1) Маңғыстау облысы бойынша жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5 (бір жарым) төмен болғаны;
      2) шұғыл ем (операция);
      3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде амбулаторлық деңгейде халықты тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы өнімдер тізбесіне енбейтін дәрілік заттарды дәрігерлік-кеңестік комиссия тұжырымы бойынша алу;
      4) отбасы мүшесінің қайтыс болуы;
      5) тұрмыстық қажеттілікке;
      6) өмірлік қиын жағдай туындағанын растайтын уәкілетті орган берген акт немесе басқа да құжат негізінде.