Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындау туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда № 2338 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі айқындалсын.
      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласы бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, сонымен қатар азаматтарды мұқтаждардың жекелеген санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалды-тұрмыстық жағдайын тексеруден өткізу негіздері белгіленсін.
      3. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 3/36 «Бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 29 мамырда № 11-1-178 болып тіркелген).
      4. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.Шудабаева).
      6. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         Ж. Жолдасбаев

      Мәслихат хатшысы                        М. Молдағұлов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      12 желтоқсан 2013 жыл
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Ақтау қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Ким
      12 желтоқсан 2013 жыл


Қалалық маслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 16/154 шешіміне 1 қосымша
 

Ақтау қаласы бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.09.2014 № 24/219 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1) Төрт және төрттен жоғары бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар, кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      2) үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасылар;
      3) паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық мекемеден шығарылған, туберкулезден қолдаушы фаза емін алып отырған азаматтар;
      5) иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғалар;
      6) халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына жататын студенттер, оның ішінде:
      бала жасынан мүгедектер, барлық топтың мүгедектері;
      жетім балалар, ата-аналардың біреуі қайтыс болған балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінде, балалар ауылында тәрбиеленушілер;
      балалар, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер немесе біреуі мүгедек болып табылатын;
      төрт және төрттен жоғары бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасыдан шыққан балалар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар, кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін).
 


Қалалық маслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 16/154 шешіміне 2 қосымша
 

Ақтау қаласы бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, сонымен қатар азаматтарды мұқтаждардың жекелеген санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалды-тұрмыстық жағдайын тексеруден өткізу негіздері
 

      1. Үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмек өтініш бойынша, табыс есебінсіз, ай сайын, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      2. Әлеуметтік мәні бар ауруы бар тұлғаларға: паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық мекемеден шығарылған, туберкулезден қолдаушы фаза емін алып отырған азаматтар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғаларға әлеуметтік көмек емделу мен қосымша тамақтандыруға өтініш бойынша табыс есебінсіз, біржолғы, 26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      3. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтік көмек өтініш бойынша, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден 6 айдан кешіктірілмей, табыс есебінсіз, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      4. Мүгедектілігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін негізгі азық-түлік өнім бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, табыс есебінсіз ай сайын, 0,5 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі (төлеу тоқсан сайын жүргізіледі).
      5. Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан (бір жарымнан) төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыдан шыққан тұлғаларға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек өтініш бойынша біржолғы, тұрмыстық қажеттіліктерге көрсетіледі. Әр түрлі жағдайларда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия анықтайды және оны әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытындыда 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетеді.
      6. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан (бір жарымнан) төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға көрсетіледі (бұдан әрі – студенттерге әлеуметтік көмек).
      Студенттерге әлеуметтік көмек білім беру мекемелерінде оқуға төлеуге кететін нақты шығындар бойынша біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұруға және тамақтануға кететін шығындарды ішінара өтеуге ай сайын көрсетіледі.
      Әлеуметтік көмек студенттердің екінші деңгейдегі банктік шоттарына жіберіледі.
      6-1. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедек студенттерге, өтініш берген уақыттың алдыңғы он екі айға, Маңғыстау облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 3-еселік ауқымынан төмен отбасыларға көрсетіледі.
      Ескерту. 2-қосымша 6-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.09.2014 № 24/219 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматты мұқтаждардың жекелеген санатына жатқызу және тұлғаның (отбасының) материалды- тұрмыстық жағдайын тексеруден өткізу негізі:
      1) Маңғыстау облысы бойынша жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5 (бір жарым) төмен болғаны;
      2) шұғыл ем (операция);
      3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде амбулаторлық деңгейде халықты тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы өнімдер тізбесіне енбейтін дәрілік заттарды дәрігерлік-кеңестік комиссия тұжырымы бойынша алу;
      4) отбасы мүшесінің қайтыс болуы;
      5) тұрмыстық қажеттілікке;
      6) өмірлік қиын жағдай туындағанын растайтын уәкілетті орган берген акт немесе басқа да құжат негізінде.