Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/50 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 ақпанда № 3652 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/19 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 23.01.2014 № А-1/19 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе бөлімі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 26.09.2013 № А-9/405 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 12 айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде-бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
      4) маусымдық жұмыс мерзімдердің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар.
      2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қосымша нысаналы топтарға жататын адамдары жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/367 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-171 тіркелген, 2012 жылғы 10 ақпандағы «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулының күші жойғандығы танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Т.Б.Қатаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданы әкімі                         Р.Әкімов