Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/19 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 ақпанда № 4004 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № А-12/488 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 02.12.2014 № А-12/488 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 12 айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде-бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
      4) маусымдық жұмыс мерзімдердің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар;
      5) 50 жастан жоғары адамдар.
      2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қосымша нысаналы топтарға жататын адамдары жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Ақкөл ауданы әкімдігінің келесі қаулылары күштері жойылған деп танылсын:
      «Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3652 тіркелген, 2013 жылғы 1 наурызда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған);
      «Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/50 «Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № А-9/405 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 тіркелген, 2013 жылғы 22 қарашада «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданы әкімі                         Т.Едігенов