Хаттамалары мен нұсқамаларының нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/624 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 қаңтарда № 9061 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2015 № 15-05/941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2015 № 15-05/941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Мыналар:
      1) өсімдіктерді қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      3) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың хаттамалары мен нұсқамаларын жасау және шығару қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекiтілсін.
      2. Фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (А.Е. Қаджыбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 8/624 бұйрығына  
1-қосымша       

Нысан

   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі/Министерство
           сельского хозяйства Республики Казахстан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2015 № 15-05/941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесi/территориальное
         подразделение уполномоченного органа в области защиты растений
_____________________________________________________________________
     почталық мекенжайы, телефон, телефакс/почтовый адрес, телефон, телефакс

   Өсімдіктерді қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
  туралы хаттама/Протокол об административном правонарушении в
                  области защиты растений

«___» _________________ _____________________________________________
хаттаманың жасалған күні/      (хаттаманың жасалған орны)/(место составления протокола)
дата составления протокола

1. Хаттама толтырушы лауазымды адамның қызметі, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә)/Должность, фамилия,
имя, отчество (при его наличии) (далее – Ф.И.О.) лица, составившего
протокол
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Оған қатысты іс қозғалған тұлға туралы мәліметтер/Сведения о лице,
в отношении которого возбуждено дело
Жеке тұлғалар үшін/для физических лиц:
1) Т.А.Ә./Ф.И.О.____________________________________________________;
2) туған күні, айы, жылы/дата рождения _____________________________;
3) тұрғылықты жері/место жительства ________________________________;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен
деректемелері/наименование и реквизиты документа, удостоверяющего
личность ___________________________________________________________
5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)/ индивидуальный
идентификационный номер (далее – ИИН) ______________________________;
6) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы
мәлiметтер/сведения о регистрации по месту жительства _______________
____________________________________________________________________;
7) жұмыс орны/место работы _________________________________________
____________________________________________________________________.
Заңды тұлғалар үшiн/для юридических лиц:
1) атауы/наименование ______________________________________________
____________________________________________________________________
2) орналасқан жері/место нахождения ________________________________
____________________________________________________________________
3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмiрi
және күнi/номер и дата государственной регистрации (перерегистрации)
юридического лица __________________________________________________;
4) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –
БСН)/бизнес-идентификационный номер (далее – БИН) __________________;
5) банктік деректемелері/банковские реквизиты ______________________
____________________________________________________________________
3. Қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі/Определить язык
производства по рассматриваемому делу _______________________________
____________________________________________________________________
4. Куәлер, жәбірленушілер (Т.А.Ә., тұрғылықты жері,
телефон)/Свидетели, потерпевшие (Ф.И.О., местожительство, телефон)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Куәгерлер/Понятые ________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты және мәні, сондай-ақ
«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңының бұзылған нақты баптары мен тармақтары/ Место,
время совершения и существо правонарушения, а также конкретные статьи
и пункты нарушенного Закона Республики Казахстан от 3 июля 2002 года
«О защитерастений» __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) қандай баптары
(тармақтары) бұзылған/Какие статьи (пункты) Кодекса Республики
Казахстан от 5 июля 2014 года «Об административных правонарушениях»
(далее – Кодекс) нарушены ___________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Оған қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлғаның Кодекстің 744-бабында
ұсынылған процессуалдық құқықтарымен таныстырылғаны туралы
қолы/Подпись лица, в отношении которого ведется дело, об ознакомлении
с процессуальными правами, предоставляемого статьей 744 Кодекса _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Оған қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға
өкілінің түсініктемелері/Объяснения физического лица или
представителя юридического лица, в отношении которого возбуждено дело ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
10. Қарсылық, бағынбаушылық көрсетілді ме?/Было ли оказано
сопротивление, неповиновение ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Қолы, тегі, аты-жөні/Подписи, фамилия, инициалы:
1) хаттаманы жасаған тұлғаның/лица, составившего протокол _________
___________________________________________________________________;
2) жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің/физического лица
или представитель юридического лица ________________________________;
3) куәлердің/свидетелей ____________________________________________;
4) куәгерлердің/понятых ____________________________________________;
12. Оған қатысты іс қозғалған жеке тұлға немесе заңды тұлға өкілі
(Т.А.Ә. күні, орны)/Физическое лицо или представитель юридического
лица, в отношении которого возбуждено дело (Ф.И.О., дата, место)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Іс бойынша шешімді сот немесе уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерi
лауазымды адамы белгіленген мерзімде қабылдайтыны туралы/извещен о
том, что решения по делу будет принято судом, в установленные сроки,
либо должностным лицом территориальные подразделения уполномоченного
органа ______________________________________________________________
                      (күні, уақыты)/(дата, время)
мына мекенжай бойынша/по адресу _____________________ хабардар етілді
____________________________________________________________________
(хаттама жасаған адамның қолы)/(подпись лица, составившего протокол)

13. Хаттаманың көшірмесін алдым/Копию протокола получил
_________________     ____________________     ____________________
  (қолы)/(подпись)            (тегі)/(фамилия)              (күні)/(дата)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тіркеу № ____________/Регистрационный № _____________________________

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 8/624 бұйрығына  
2-қосымша       

Нысан

   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі/Министерство
             сельского хозяйства Республики Казахстан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2015 № 15-05/941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

____________________________________________________________________
өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесi/территориальное
         подразделение уполномоченного органа в области защиты растений
____________________________________________________________________
        пошталық мекенжайы, телефон, телефакс/почтовый адрес, телефон, телефакс

«_____» ___________ 20 ____ жыл/год
_____________________________________________________________________
     (жеке тұлғаның және/немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты
                           (бар болған жағдайда))

Өсімдіктерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы №_____
нұсқама/Предписание об устранении нарушений требований
законодательства Республики Казахстан в области защиты растений № ___________

      «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңының 14-5-бабы негізінде, келесі фитосанитариялық
іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға НҰСҚАМА БЕРІЛЕДІ/На
основании статьи 14-5 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2002 года
«О защите растений», ПРЕДПИСЫВАЕТСЯ организовать и провести следующие
фитосанитарные мероприятия.

№ р/с
№ п/п

Нұсқаманың мазмұны/Содержание предписания

Орындау мерзімі/Срок исполнения







      Осы нұсқама міндетті түрде орындалуы тиіс. Жеке тұлға
және/немесе заңды тұлғаның басшысы осы нұсқаманың орындалуы бойынша
ақпаратты осы нұсқамада көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 7
(жеті) жұмыс күн ішінде өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлiмшесiнің атына жолдасын./Настоящее предписание
подлежит обязательному исполнению. Физическому лицу и/или
руководителю юридического лица, направить в адрес территориального
подразделения уполномоченного органа в области защиты растений
информацию по выполнению настоящего предписания в течение 7 (семь)
рабочих дней по истечении указанных сроков в настоящем предписании.
Уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерiнің мекенжайы/Адрес
территориального подразделения уполномоченного органа
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заңды нұсқаманы орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін
кінәлі тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5
шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес
әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін./За невыполнение или
ненадлежащее выполнение законных предписаний виновное лицо может быть
привлечено к административной ответственности в соответствии со
статей 462 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года «Об
административных правонарушениях».
      Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор/
Государственный инспектор по защите растений: _______________________
_____________________________________________________________________
     (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)/подпись,  фамилия, имя,
                             отчество (при его наличии))

Нұсқаманы алдым/Предписание получил: ________________________________
_____________________________________________________________________
     (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)/подпись, фамилия, имя,
                           отчество (при его наличии))

«____» _________ 201 ___ жыл/год.
Тіркеу № _______/ Регистрационный № _______

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 8/624 бұйрығына  
3-қосымша     

Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың
хаттамалары мен нұсқамаларын жасау және шығару қағидалары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2015 № 15-05/941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың хаттамалары мен нұсқамаларын жасау және шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың хаттамалары мен нұсқамаларын жасау және шығару тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасына байланысты, бұзушылықтарды жою жөнiндегi нұсқама (бұдан әрі - нұсқама) қою жасайды, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарады немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және сотқа талап жолдайды.

2. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың
хаттамалар мен нұсқамаларды жасау және шығару тәртібі

      3. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар нұсқамаларды және/немесе хаттамаларды екі данада жасайды.
      4. Нұсқамаларда және/немесе хаттамаларда жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының не олардың өкілдерінің нұсқамамен және/немесе хаттамамен танысқаны не танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер көрсетіледі. Бір данасы өсімдіктерді қорғау саласындағы тексерілетін субъектіге беріледі, ал екіншісі өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторда болады.
      5. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары берген хаттамалардың және/немесе нұсқамалардың есебін жүргізеді және жоғары тұрған органның алдында есеп береді.
      6. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.