Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.11.2015 № 687 бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
2. Министрліктің Персоналды басқару департаменті (кадр қызметі):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар басшыларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтын орындалуын бақылау Министрліктің Жауапты хатшысы А.К. Қабыкеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Pecпубликасы
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 344/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасының
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) оның ведомстволары мен аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындауы барысында, әріптестері мен азаматтармен өзара қарым-қатынаста мінез-құлқының негізгі нормаларын белгілейді.
3. Министрліктің жауапты хатшысы, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың басшылары осы қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілерінің жоғары корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;
2) Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілерінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақтауы;
3) Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың ұжымында жағымды моральдік-психологиялық климат жасау және қалыптастыру;
4) Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың қызметкерлерінің имиджін нығайту және арттыру.
5. Министрлік, ведомстволар мен аумақтық органдар қызметкерлерінің:
1) адалдық, тәртіптік, жауапкершілік, белсенділік, бастамашылық танытқаны;
2) өз білімі мен біліктілігі деңгейін арттыруға талпынғаны;
3) бір біріне және өзге азаматтарға адамгершілік, адалдық, ашықтық, әдептілік, өзара түсіністік танытқаны;
4) қызметтік этика мен субординацияны сақтағаны;
5) әріптестерге көмек көрсеткені, білімі мен тәжірибесімен бөліскені;
6) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге кол жеткізуде ұжымның ынтымағына ықпал еткені жөн.
6. Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілеріне өзінің әріптестеріне және өзге азаматтарға қатысты:
1) балағат сөздер айтуға, ұстамсыздық пен агрессия танытуға;
2) әріптестердің жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға;
3) ұжымда қақтығыс жағдайлардың туындауын ұшықтыруға болмайды.
7. Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілері барлық келушілерді ілтипатпен қарсы алады.
Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілерінің келушілермен қатынасы Министрлік пен оның аумақтық органдары қызметкерлерінің мінез-құлқы мәдениеті мен кәсібилігі туралы келушілердің он пікірін қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.
8. Азаматтармен телефонмен сөйлескенде Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың қызметкерлері мынадай мінез-құлықты ұстануы қажет:
1) қоңырау түскен кезде өзін сыпайы таныстырып амандасу;
2) егер азамат телефон нөмірін қате терсе, оны терген телефон нөмірін қайта тексеруді сыпайы түрде сұрау;
3) егер кіріс қоңырау қазіргі сәтте жұмыс орнында жоқ мемлекеттік қызметшіге арналған болса, оны табуға немесе оған хабарлама қабылдауға көмек көрсету.
9. Телефон бойынша қойылған сұрақ мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кірмеген жағдайда, онда ол қойылған сұрақты шешу бойынша мынадай ықтимал шараларын біреудің қабылдайды:
1) қоңырауды құзырлы мемлекеттік қызметшіге қайта бағыттау;
2) азаматты қойылған сұрақты түсіндіру мақсатында онымен кейін сөйлесу үшін өзінін телефон нөмірін қалдыруды сұрау;
3) азаматтан жазбаша сұрау салуды өтіну.
10. Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермейді.
Министрліктің мемлекеттік қызметшілері басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
11. Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілері, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
Министрліктің басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолданады.
Министрліктің басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолданады.