Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 653-ж бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 желтоқсанда № 9007 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-НҚ бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2016 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігің Корпоративтік даму департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген бұйрықтың көшірмесін Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшелеріне «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Д.М. Шәженоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр                                           Е. Досаев

Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрінің   
2013 жылғы 11 қарашадағы       
№ 653-ж бұйрығымен бекітілген   

Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі

№№

Дербес деректерінің атауы

1

Тегі

2

Аты

3

Әкесінің аты (болған жағдайда)

4

Тегі мен атының транскрипциясы

5

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәліметтер

6

Жеке басын куәландыратын құжат деректері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі, берген күні, құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган

7

Туу туралы мәліметтер:
туған күні;
туған жері

8

Ұлты

9

Жынысы

10

Отбасылық жағдайы туралы мәліметтер:
некеде тұруы;
неке қию туралы куәлігінің мәліметтер;
некені бұзу туралы куәлігінің мәліметтері;
жұбайының тегі, аты, әкесінің аты;
жұбайының жеке басын куәландыратын құжат деректері;
басқа отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, олардың туыстық дәрежесі

11

Азаматтығы туралы мәліметтер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні

12

Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы, берген күні

13

Еңбек жолы туралы мәліметтер:
лауазымның, құрылымдық бөлімшенің, заңды тұлға ұйымының толық атауы (заңдық мекенжайы, тіркелген күні (тіркеуден алынған күні);
жалпы еңбек өтілі

14

Еңбек шарттың мазмұны және деректемелері

15

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:
біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
оқу орнын бітіргендегі біліктілігі және мамандығы

16

Бiлiмі, біліктілігі туралы мәліметтер:
оқу орнына түскен және бітірген күні (оқу орынан шығарылған күні);
оқу орнын бітіргені туралы диплом немесе басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
факультет, біліктілігі, мамандығы;
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болғанда);
шет тілдерін білуі

17

Тұрғылықты мекенжайы:
тіркелген мекенжайы;
тұрғылықты мекенжайы

18

Байланыс телефондарының нөмірі

19

Мінездеме

20

Жеке сәйкестендiру нөмiрі (ЖСН)

21

Бизнес сәйкестендiру нөмiрі (БСН)

22

Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)

23

Қолы

24

Белгіленген нысан бойынша медициналық қорытындылар

25

Еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы мәліметтер

26

Сенімділік басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер

27

Әскери міндетті азаматтардың және әскерге қызметке шақыруға жататын азаматтардың әскери есептілігі туралы мәліметтер:
әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырған) күні;
әскери билетті берген мекеменің атауы;
әскери-есеп мамандығы; әскери атағы;
есепке алыңғаны (шығарылғаны) туралы мәліметтер

28

Наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер:
награданың атауы (аты);
марапаттау туралы нормативтік актінің күні және түрі

29

Жалақы туралы мәліметтер:
айлықақы, үстемеақы, салықтар туралы мәліметтер

30

Арнайы тексеруден өту нәтижелері туралы мәліметтер

31

Сотталғандығы (сотталмағандығы) туралы мәліметтер

32

Әлеуметтік жеңілдік және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген мекеменің атауы)

33

Электрондық мекен-жайы, Интернет-ресурстардағы сайты

34

Жыл сайынғы қызметті бағалау мен аттестацияның материалдары

35

Ішкі қызметтік тексерулердің материалдары

36

Жеке құрам бойынша өкімдердің және соларға қатысты материалдардың түпнұсқаларында және көшірмелерінде көрсетілген мәліметтер

37

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер

38

Қайтыс болғаны туралы куәліктің мәліметтері (күні, орны, қайтыс болу себебі)

39

Зейнетақы қорындағы деректер және жеке шотқа түсімдер

40

Мүлкі (мүліктік жағдайы) туралы, сонымен қатар жұбайы мен басқа отбасы мүшелерінің, мәліметтер:
автокөлік;
орналасу мекенжайлары;
жылжымайтын мүлік объектілерін алу әдісі және негізі

41

Жылжымайтын мүлік объектісі туралы мәлімет:
сәйкестендіру сипаттамалары (жылжымайтын мүліктің мекенжайын, мекенжайдың тіркеу кодын, түрін, кадастрлық нөмірін, меншік нысанын, құрамдастарының санын, жерлерінің, санаттарын, бөлінуін, нысаналы мақсатын, қабатын, ауданын (жалпы, тұрғын, пайдалы));
техникалық сипаттамалары

42

Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепiлiн тіркеу туралы мәліметтер:
мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепiлi тiркеу жүргізуге негіз болған құжаттар;
мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепiлi тіркеу жүргізуге негіз болған құжаттардың күні, айы, жылы мен нөмірі

43

Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлінде қатысып отырғандар кепіл ұстаушының, кепіл берушінің, қарыз алушының атаулары туралы мәліметтер

44

Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепіл тіркеудің түрі болып табылатын жылжымалы мүліктің мәліметтері

45

Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК)