РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігің Корпоративтік даму департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген бұйрықтың көшірмесін Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшелеріне «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Д.М. Шәженоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрінің
2013 жылғы 11 қарашадағы
№ 653-ж бұйрығымен бекітілген
Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі
№№ |
Дербес деректерінің атауы |
1 |
Тегі |
2 |
Аты |
3 |
Әкесінің аты (болған жағдайда) |
4 |
Тегі мен атының транскрипциясы |
5 |
Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәліметтер |
6 |
Жеке басын куәландыратын құжат деректері: |
7 |
Туу туралы мәліметтер: |
8 |
Ұлты |
9 |
Жынысы |
10 |
Отбасылық жағдайы туралы мәліметтер: |
11 |
Азаматтығы туралы мәліметтер: |
12 |
Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы, берген күні |
13 |
Еңбек жолы туралы мәліметтер: |
14 |
Еңбек шарттың мазмұны және деректемелері |
15 |
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер: |
16 |
Бiлiмі, біліктілігі туралы мәліметтер: |
17 |
Тұрғылықты мекенжайы: |
18 |
Байланыс телефондарының нөмірі |
19 |
Мінездеме |
20 |
Жеке сәйкестендiру нөмiрі (ЖСН) |
21 |
Бизнес сәйкестендiру нөмiрі (БСН) |
22 |
Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті) |
23 |
Қолы |
24 |
Белгіленген нысан бойынша медициналық қорытындылар |
25 |
Еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы мәліметтер |
26 |
Сенімділік басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер |
27 |
Әскери міндетті азаматтардың және әскерге қызметке шақыруға жататын азаматтардың әскери есептілігі туралы мәліметтер: |
28 |
Наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер: |
29 |
Жалақы туралы мәліметтер: |
30 |
Арнайы тексеруден өту нәтижелері туралы мәліметтер |
31 |
Сотталғандығы (сотталмағандығы) туралы мәліметтер |
32 |
Әлеуметтік жеңілдік және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген мекеменің атауы) |
33 |
Электрондық мекен-жайы, Интернет-ресурстардағы сайты |
34 |
Жыл сайынғы қызметті бағалау мен аттестацияның материалдары |
35 |
Ішкі қызметтік тексерулердің материалдары |
36 |
Жеке құрам бойынша өкімдердің және соларға қатысты материалдардың түпнұсқаларында және көшірмелерінде көрсетілген мәліметтер |
37 |
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер |
38 |
Қайтыс болғаны туралы куәліктің мәліметтері (күні, орны, қайтыс болу себебі) |
39 |
Зейнетақы қорындағы деректер және жеке шотқа түсімдер |
40 |
Мүлкі (мүліктік жағдайы) туралы, сонымен қатар жұбайы мен басқа отбасы мүшелерінің, мәліметтер: |
41 |
Жылжымайтын мүлік объектісі туралы мәлімет: |
42 |
Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік |
43 |
Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлінде қатысып отырғандар кепіл ұстаушының, кепіл берушінің, қарыз алушының атаулары туралы мәліметтер |
44 |
Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепіл тіркеудің түрі болып табылатын жылжымалы мүліктің мәліметтері |
45 |
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) |