Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы
полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және бұзу ережесі бекітілсін.
2. Кадрлар басқармасы Академиямен бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары қаржы полициясының генерал-майоры А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | P. Түсіпбеков |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 21 қазандағы № 341 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы
полициясы академиясына оқуға түсуші, жоғары білім берудің
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырушы адамдармен
келісім-шарт жасасу, өзгерту және
тоқтату ережесі
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі - ЭСЖКА) Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға түсуші, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырушы адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және тоқтату ережесі (бұдан әрі-Ереже) "Құқық қорғау органдары туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырушы адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту және тоқтату тәртібін айқындайды.
2. Академияға оқуға түсушілер осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысанда Академияда оқу мерзіміне және сонымен қатар Академияда оқуын бітірген соң Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында орта және басшылық құрам лауазымдарында күнтізбелік есеппен бес жыл қызмет өткеру туралы келісім-шартқа отырады.
3. Келісім-шартта өзара міндеттемелер және тараптардың жауапкершілігі белгіленеді (оқуға түсуші адамдар және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары) және Академияны бітірген соң құқық қорғау органдарында одан әрі қызметін өткеру шарты және мерзімі қарастырылады
4. Келісім-шарт Академияға оқуға қабылданғаны туралы қабылдау комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін жасалады. Келісім-шарт жазбаша түрде құрастырылып, оған тыңдаушы және Академия басшысы қол қояды. Келісім-шарт екі данада ресімделеді, оның біреуі жеке іске тігіледі, ал екіншісі тыңдаушыға беріледі. Әрбір келісім-шарттың заңды күші бар.
5. Жасы он сегізге толмаған адамдармен келісім-шарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының, бала асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі қажет, олар заңнамалық тәртіппен ресімделеді. Жасы он сегізге толғаннан кейін келісім-шарт тыңдаушымен (курсантпен) қайта жасалады.
6. Келісім-шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және тек тараптардың келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін. Келісім-шарт Академия тыңдаушыларының қатарына қабылдау туралы бұйрық шығару үшін негіз болып табылады.
7. Келісім-шарттың мерзімінен бұрын бұзу бойынша тараптардың арасында дау туындаған жағдайда ондай дау тыңдаушы (курсант) және құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімше басшысы, Академия бастығы арасындағы тікелей келіссөздер жүргізу, ал келісімге қол жеткізбеген жағдайда - жоғары тұрған құқық қорғау органында қарау, немесе сотқа жүгіну жолымен реттелуге жатады.
8. Академияның күндізгі оқыту нысанын бітірген адам құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл қызмет өткереді.
9. Академияны бітірген соң құқық қорғау органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 5) 9), 11) 15) тармақшалары негізінде жұмыстан шығарылған және құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл жұмыс істемеген қызметкерлер өзін оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтануға, заттай жабдықталымына жұмсалған бюджеттік қаражаттарды мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұсталуға тиіс сома келісім-шарт мерзімі аяқталғанға дейінгі қызмет толық атқарылмаған әрбір айға тепе-тең есептеледі.
Аталған қызметкерлердің бюджеттік қаражаттарды мемлекет пайдасына қайтаруын Академия жүзеге асырады.
10. Әскерге шақырылу жасына жеткен және оқу үлгерімінің нашарлығы, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығарылған, сондай-ақ келісім-шартты бұзған Академия курсанттары (тыңдаушылары) арнайы есептен шығарылады және Академияның кадрлық бөлімшесі әскери есепке қою, оларды белгіленген тәртіпте әскерге шақыру үшін тұрғылықты жері бойынша әскери басқарма органдарына жібереді. Сонымен бірге олар стипендия төлеуге, тамақтануға, заттай жабдықталымына жұмсалған бюджеттік қаражаттарды мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұсталуға тиіс сома Академияда болған әрбір толық айға тепе-тең есептеледі.
Оқудан шығарылған курсанттардан (тыңдаушылардан) мемлекет пайдасына бюджеттік қаражаттарды қайтару Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте Академия жүзеге асырады.
11. Академия күндізгі оқыту нысанының толық курсын бітірген адамдар үшін оқыған уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.
Нысан
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының)
Қаржы полициясы академиясында мамандар даярлауға арналған
келісім-шарт
1. Жалпы ережелер
Осы Қаржы полициясы академиясында мамандар даярлауға арналған келісім-шарт (бұдан әрі - келісім-шарт) бір жағынан
_____________________________________________________________________
(лауазымы, арнаулы (әскери)
______________________________________________________________ атынан
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Академия ____________________________________________________________
(заңды тұлға - білім беру ұйымының толық атауы және орналасқан жері,
заңды тұлға -
_____________________________________________________________________
білім беру ұйымының құрылтай құжаттарын мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні)
және _____________________________________ мекенжайында тұратын оқуға
түскен тыңдаушы (курсант) ________________________________________
(тыңдаушының (курсанттың) Т.А.Ә.)
№ _____________________ "__" _________________
(жеке куәліктің нөмірі) (берілген уақыты)
ЖСН ______________________________ арасында жасалды.
1. Академия тыңдаушыға (курсантқа) ____________________________
____________________________ мерзім ішінде __________________________
(мамандықтың атауы мен шифрі)
________________________________________ бойынша білім алуына қажетті
жағдайлар жасайды.
Оқыту мерзімі _________________________________________ басталады.
2. Академияның құқықтары және міндеттері
2. Академия:
1) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес осы келісім-шартты өзгертуге және бұзуға;
2) 18 жасқа толмаған тыңдаушылармен (курсанттармен) келісім-шарт жасалған жағдайда ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімін алуға;
3) өз құзыреті шегінде актілер шығаруға;
4) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте тыңдаушыны (курсантты) көтермелеуге, оны тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;
5) тыңдаушының (курсанттың) оқу кезеңінде Академия мүлкіне келтірген залалды төлетуге;
6) үлгермеушілік, тәртіпсіздік бойынша келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда, тыңдаушының (курсанттың) Академияға алкогольді, есірткі және токсикоманды мас күйде келген жағдайда, оқу орны бойынша спирттік ішімдіктерді ішкен жағдайда, оның есірткі және токсикоманды заттарды пайдалану жағдайында, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 80-бабының 5), 7), 12), 13), 15) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стипендия төлеуді, тамақтануы, заттай үлесін қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әр толық айға тең есептеледі;
7) қажет болған жағдайда, жазбаша өкім бойынша, тыңдаушыны (курсантты) белгіленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қызметтік міндеттерді атқаруға тартуға құқылы.
3. Академия:
1) тыңдаушыны (курсантты) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алу жағдайларымен қамтамасыз етуге;
2) тыңдаушыға (курсантқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ай сайын оған тиесілі лауазымдық жалақы (стипендия) төлеуге;
3) тыңдаушыны (курсантты) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тиесілік нормалары бойынша нысанды және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етуге;
4) нормативтік актілермен белгіленген оқу жағдайларын жасауға және тыңдаушыны (курсантты) қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;
5) тыңдаушыға (курсантқа) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес каникулярлық демалыс және басқа түрлі демалыс беруге;
6) тыңдаушыны (курсантты) заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тыңдаушыға (курсантқа) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зиянды өтеуге;
8) жеке ісінің, әскери билетінің (тіркеу куәлігінің), сондай-ақ еңбек кітапшасының сақталуын қамтамасыз етуге және оған қажетті жазбалар енгізуге;
9) тыңдаушының (курсанттың) жеке ісіне оның оқуына жұмсалған шығын туралы анықтаманы тіркеуге;
10) тыңдаушыны (курсантты) комиссияның шешімі бойынша аумақтық қаржы полициясы органдарына немесе кеден қызметіне бөліністеріне бөлуге;
11) ерекше жағдайлар: _________________________________________
(жұмыс берушінің қосымша міндеттемелерін
_________________________________________________________ міндетті.
көрсету немесе сызба жасау)
3. Тыңдаушының (курсанттың) құқықтары мен міндеттері
4. Тыңдаушы (курсант):
1) осы келісім-шартты заңнамада белгіленген тәртіппен бұзуға;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақшалай қаражатты төлеуге;
3) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқу, тұру және медициналық қамтамасыз ету жағдайларына;
4) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына
келтірілген зиянның өтелуіне;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды алуға;
6) ұзақтығы "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген демалыс алуға;
7) өз қаражаты есебінен кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы.
5. Тыңдаушы (курсант):
1) осы келісім-шартта көрсетілген мамандық мен мамандану бойынша кәсіби қызметтің барлық түрлерін дұрыс меңгеруге;
2) қызметтік, әскери тәртіпті сақтауға;
3) оқу процесінде мүліктік залал келтіруге жол бермеуге;
4) еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарын орындауға;
5) оқу процесі барысында алған және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға;
6) адамдардың өмірі мен денсаулығына, Академия мен білім алушылар мүліктерінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайлардың туындауы туралы хабарлауға;
7) оқуға қабылдау кезінде кадр бөліміне еңбек кітапшасын, әскери билетін (олар бар болса) және басқа да жеке құжаттарын ұсынуға;
8) отбасы жағдайы өзгергенде, өзі немесе жақын туысқандары қылмыстық жауапкершілікке тартылғанда, олардың біреуі шетелге кеткен жағдайларда бұл туралы үш күн мерзім ішінде баянат арқылы тікелей бастығына баяндауға;
9) құқық қорғау органдарының тиісті бөлінісінде кемінде 5 жыл қызмет өткеруге және Академияны бітірушілерін дербес бөлу хаттамасына сәйкес бөлінген жерге 5 жұмыс күні ішінде келуге;
10) үлгермеушілік, тәртіпсіздік бойынша келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда, тыңдаушының (курсанттың) Академияға алкогольді, есірткі және токсикоманды мас күйде келген жағдайда, оқу орны бойынша спирттік ішімдіктерді ішкен жағдайда, оның есірткі және токсикоманды заттарды пайдалану жағдайында, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 80-бабының 5), 7), 12), 13), 15) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стипендия төлеуді, тамақтануы, заттай үлесін қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әр толық айға тең есептеледі.
11) тыңдаушы (курсант) оқу орнын бітіргеннен кейін құқық қорғау органдарының 5 жыл қызмет өткеруден бас тартқан немесе "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты бұзған жағдайда стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома келісім-шарт мерзімінің аяқталуына дейін қалған қызмет етпеген әрбір толық айға тең есептеледі.
12) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сеніп тапсырылған мүлікті (қару, арнайы техника) ұқыпсыз сақтау, қасақана зақым келтіру және жою жағдайында шығынды өтеуге;
13) ереуілдерді ұйымдастыру мен өткізуге қатыспауға;
14) ерекше жағдайлар: _________________________________________
(тыңдаушының (курсанттың) қосымша міндеттемелері
___________________________________________________________ міндетті.
көрсетіледі немесе сызба жасалады)
4. Келісім-шартты өзгертудің, бұзудың және оның мерзімін
ұзартудың негіздері
6. Келісім-шарт тараптардың келісімі немесе тараптардың біреуінің бастамасы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 5) 9), 11) 15) тармақшаларын қоспағанда, келісім-шарт тараптардың біреуінің бастамасы бойынша, егер де бұл тарап екінші тарапты оның мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн қалғанда, жазбаша түрде ескерткен болса, бұзылуы мүмкін.
7. Келісім-шарттың шарттарын біржақты өзгертуге болмайды.
8. Келісім-шарт жазбаша түрде екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы белгіленген мөрмен басылады. Келісім-шарттың бір данасы тыңдаушының (курсанттың) жеке ісінде сақталады, екіншісі қолына беріледі.
Осы келісім-шартқа ____________________________________________
(тыңдаушының (курсанттың) оқу орнына тапсырған жеке
______________________________________________________ қоса беріледі.
құжаттарының тізбесі)
9. Академия тыңдаушыға (курсантқа) қатысты келесі бұйрықтар
шығарды:
оқуға қабылдау туралы 20 __ жылғы "__" _______ № ________
МО
келісім-шарттың мерзімін ұзарту туралы 20 __ жылғы "__" ____ № _____
МО
келісім-шартты бұзу немесе тоқтату туралы 20 __ жылғы "__" ____ № ____
МО
Келісім-шартты бұзу негізі __________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Тыңдаушының (курсанттың) оқу орнын диплом алып аяқтауы және оған тиісті біліктілік беру осы келісім-шартты тоқтату негізі болып табылады.
11. Осы келісім-шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны және тиісті түрде орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
12. Осы келісім-шартта қарастырылмаған мәселелер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен реттеледі.
13. Осы келісім-шарттың тараптары арасындағы оның талаптарының орындалмауы бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
Академия тыңдаушысы (курсант) Академия бастығы
______________________________________ _____________________________
(тыңдаушының (курсанттың) немесе заңды (тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________ _____________________________
өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________ _____________________________
(қолы) (қолы)
20 __ жылғы "__" _______________ 20__жылғы "__" ______________
МО