"Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қарашада № 8898 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 № 20 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.02.2016 № 65 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» № 37 бұйрығына,(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6826 болып тіркелген, 2011 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаны, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті белгіленген заңнама тәртібімен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми
жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4.  Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  М. Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 12 қазандағы    
№ 234 бұйрығына      
қосымша           

Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің 
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 37 бұйрығымен   
бекітілген      

Нысан

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану
саласындағы тексеру парағының нысаны

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                                 (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________

Талаптар тізбесі

Иә

Жоқ

1

іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы



2

көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы



3

азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы



4

құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі



5

актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы



Тексерудің аяқталу мерзімі: 20 жылғы «__» __________
Тексеруді жүргізген(дер): _________ _____ ___________________________
                         (лауазымы)(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

                        __________ _____ ____________________________
                        (лауазымы)(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Бақылау субъектісінің басшысы: _______________________ ______________
_________________________             (лауазымы)         (қолы)
(тегі, аты, әкесінің аты)