Ескерту. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 20.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабын іске асыру мақсатында":
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 27.06.2019 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.1. Қоса берілген Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидалары бекітілсін.
2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.
А. Шәкіров
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 21 өкімімен бекітілген |
Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің
қатысушыларынан топтар құру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабына сәйкес әзірленген".
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 27.06.2019 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.3. Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.
2. Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің
қатысушыларынан топтар құру тәртібі
4. Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларынан топтар (бұдан әрі-ҰАТ топтары) құру Үйлестіру кеңесінің отырысында ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісіледі.
5. ҰАТ топтарын құру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің шешімдері ерікті нысандағы хаттамамен ресімделеді, және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл оны бекітеді.
6. ҰАТ топтарын қалыптастыру алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана үшін ҰАТ топтарының басшылары мен мүшелерінің жеке деректерін көрсете отырып, екі жылдық мерзімге жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.7. Үйлестіру кеңесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісімі бойынша есептік кезең ішінде ҰАТ топтарының құрамын толықтыра және өзгерте алады.
8. ҰАТ тобының басшысын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісімі бойынша Үйлестіру кеңесі тағайындайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.9. Үйлестіру кеңесі алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың тізімі мен мерзімдерді бөлінген бюджеттік қаражат шегінде айқындайды, ол үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен мекемелер және ұйымдар бөлігінде алдағы күнтізбелік жылға арналған ҰАТ топтарының алдын ала болуының жыл сайынғы жоспарын бекітеді.
10. Басшы алдын ала болуды жүзеге асыру үшін баратын мекемелер мен ұйымдар қызметінінің ерекшеліктерін ескере отырып төрт адамнан құралатын ҰАТ тобының мүшелерін айқындайды.
11. Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша алдын ала болуды жүзеге асыратын ҰАТ тобының құрамына басқа облыстар мен республикалық маңызы бар қаладан, астанадан ҰАТ топтарының өкілдері енгізілуі мүмкін.
12. ҰАТ тобының мүшесі шығып кеткен жағдайда, Үйлестіру кеңесі ҰАТ тобының басқа мүшесін іріктеу туралы мәселені тез арада шешеді.