Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 қарашада № 8892 тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында":

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014.09.18 № 14 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшке енеді) өкімімен.

      1. Қоса берілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.

      А. Шәкіров

  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 20 өкімімен
бекітілген

Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын алдын ала болу үшін іріктеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014.09.18 № 14 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшке енеді) өкімімен.

      3. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары болып табылады.

      4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу үшін іріктеу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.

      5. Ұлттық алдын алу тетігіне:

      1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар;

      2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

      3) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған тұлғалар;

      4) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған тұлғалар;

      5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар;

      7) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғалар;

      8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;

      9) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар қатысушы бола алмайды.

2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу тәртібі

      6. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының (бұдан әрі - ҰАТҚ) құрамын қалыптастыру бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) ҰАТҚ іріктеу өткізу туралы хабарландыру жариялау;

      2) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және қарау;

      3) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) шешімдері негізінде ҰАТҚ құрамына алу.

      7. ҰАТҚ құрамына ену үшін үміткерлер Үйлестіру кеңесіне ерікті нысанда өтінішін тапсырады.

      8. Өтінішке қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;

      3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда аттестаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;

      5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);

      6) барлық республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, соттылығының жоқтығы туралы оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген анықтама;

      7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

      8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

      9) тұрғылықты жерінен анықтама;

      10) үй, жұмыс және ұялы телефондарын, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайын көрсете отырып, жеке парақ;

      11) электрондық форматта 3 х 4 фотосурет.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      9. Құжаттар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қолма-қол, пошта немесе электрондық пошта арқылы қабылданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      10. Үміткерлердің көрінеу жалған ақпарат пен құжаттар ұсыну фактісін анықтау олардың ҰАТҚ құрамына іріктеуінен оның кез-келген кезеңінде шығарылуы үшін негіз болып табылады.

      11. Азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының (бұдан әрі – ҚБК) және қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі – ҮЕҰ) ҰАТҚ құрамына енгізу үшін өздерінің мүшелерін ҚБК және ҮЕҰ жалпы жиналысының шешімі бойынша не ҚБК немесе ҮЕҰ Төрағасының (Бірінші басшысының) жазбаша ұсынысы бойынша ұсынады.

      12. ҰАТҚ құрамына енгізу үшін ҚБК немесе ҮЕҰ үміткері осы Қағидалардың 7 және 8–тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      13. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік даусымен ҰАТҚ құрамына үміткердің алынуы туралы шешімі қабылданады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      14. Үйлестіру кеңесі үміткерге іріктеу нәтижелері туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ хабарламаны электрондық поштаға жіберу арқылы хабарлайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      15. Үйлестіру кеңесінің шешімі мен ҰАТҚ-на іріктелген тізім Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.

      16. Үміткерлер арасынан ҰАТ құрамы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      17. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі екі жылға анықталады. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі есепті жылдың (кезеңнің) соңында келесі мерзімге алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеуді жүргізеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      18. Өкілеттілігі тоқтатылған ҰАТҚ алдағы мерзімге ҰАТҚ құрамында жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне осы Қағидалардың 7-тармағында және 8-тармағының 5) - 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      19. ҰАТ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа ҰАТ сайлау Үйлестіру кеңесінің шешімімен ағымдағы мерзімге ҰАТ іріктеуде бұрын мәлімделген кандидаттар қатарынан жүргізіледі.

      Ескерту. Ереже 19-1-тармақпен толықтырылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.