Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында»:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014.09.18 № 14 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшке енеді) өкімімен.
1. Қоса берілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.
А. Шәкіров
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 20 өкімімен
бекітілген
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын алдын ала болу үшін іріктеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын сәйкес әзірленген.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014.09.18 № 14 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшке енеді) өкімімен.
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары болып табылады.
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу үшін іріктеу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.
5. Ұлттық алдын алу тетігіне:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар;
2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
3) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған тұлғалар;
4) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған тұлғалар;
5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар;
7) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғалар;
8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;
9) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар қатысушы бола алмайды.
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу тәртібі
6. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының (бұдан әрі - ҰАТҚ) құрамын қалыптастыру бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) ҰАТҚ іріктеу өткізу туралы хабарландыру жариялау;
2) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және қарау;
3) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) шешімдері негізінде ҰАТҚ құрамына алу.
7. ҰАТҚ құрамына ену үшін үміткерлер Үйлестіру кеңесіне ерікті нысанда өтінішін тапсырады.
8. Өтінішке:
1) жеке куәліктің не төлқұжаттың көшірмесі;
2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;
3) білім туралы аттестаттың, бар болған жағдайда - дипломның көшірмесі;
4) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
5) жұмыс орнынан анықтама (жұмысы болған жағдайда);
6) сотталмағандығы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық диспансердің анықтамасы;
8) наркологиялық диспансердің анықтамасы;
9) тұрғылықты жерден анықтама;
10) үйдегі, жұмыстағы және ұялы телефондар, сондай-ақ жеке электрондық мекенжай көрсетілген жеке парақ;
11) 3 х 4 екі фотосурет.
12) жоғарыда көрсетілген құжаттарды тігу үшін папка қоса беріледі.
9. Құжаттар ҰАТҚ құрамына іріктеу өткізу туралы хабарландыру интернет-ресурста жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қолма-қол, пошта арқылы немесе электронды пошта арқылы қабылданады.
10. Үміткерлердің көрінеу жалған ақпарат пен құжаттар ұсыну фактісін анықтау олардың ҰАТҚ құрамына іріктеуінен оның кез-келген кезеңінде шығарылуы үшін негіз болып табылады.
11. Азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының (бұдан әрі – ҚБК) және қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі – ҮЕҰ) ҰАТҚ құрамына енгізу үшін өздерінің мүшелерін ҚБК және ҮЕҰ жалпы жиналысының шешімі бойынша не ҚБК немесе ҮЕҰ Төрағасының (Бірінші басшысының) жазбаша ұсынысы бойынша ұсынады.
12. ҰАТҚ құрамына енгізу үшін ҚБК немесе ҮЕҰ үміткері осы Қағидалардың 7 және 8–тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
13. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік даусымен ҰАТҚ құрамына үміткердің алынуы немесе алудан бас тарту туралы шешімі қабылданады.
14. Үйлестіру кеңесі үміткерді іріктеудің нәтижелері туралы хабардар етеді.
15. Үйлестіру кеңесінің шешімі мен ҰАТҚ-на іріктелген тізім Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
16. Үміткерлер арасынан ҰАТҚ құрамы Үйлестіру кеңесі отырысының шешімімен жыл сайын бекітіледі.
17. Мерзім өткенде Үйлестіру кеңесі есепті жылдың (кезеңнің) соңында алдағы күнтізбелік жылға ҰАТҚ қайта іріктеуін өткізеді.
18. ҰАТҚ әрекет етіп жатқан құрамына іріктелген тұлғалар ҰАТҚ құрамында алдағы күнтізбелік жылға жұмысын жалғастыруға ниетін білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне осы Қағидалардың 7-тармағы мен 8–тармағының 5)-9)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.