Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Құқықтық нормативтік актілері туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiзiмiнде № 4651 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2007 жыл, наурыз-сәуір) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Көтермелеу) әзірленген.»;
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кадр қызметі басқармасы:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр М. Құл-Мұхаммед