«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6923 болып тiркелген, 2011 жылғы № 21 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Үлгілік қағида) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдерді (бұдан әрі – конкурстармен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.»;
2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) фестиваль - музыка, театр, цирк, эстрада, кино және басқа да өнер түрлерінің жетістіктерін көрсету (байқау), мәдени-көпшілік қатысатын мереке.»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Фестивальдер және (немесе) байқауларды өткізу тәртібі.»;
19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері:
1) орындаудың сапалық деңгейі;
2) орындаушылық шеберлігі (орындаушының, аранжировкаларының дербестігі);
3) жұмыстағы жаңашылдық деңгейі мен инновациялық көзқарасы.
Конкурстар және (немесе) фестивальдер шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өткізілетін болғандықтан Қағидада қосымша критерийлер көзделуі мүмкін».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде бекітілген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед