«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6876 болып тiркелген, 2011 жылғы № 16 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
осы бұйрықпен бекітілген фильмге прокаттау куәлігін беру нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде бекітілген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тiркеуiн;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 226 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 46 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
____________________________________________________
(фильмге прокаттау куәлігін беретін уәкілетті орган)
Астана қаласы 20__ жылғы « »__________
ФИЛЬМГЕ ПРОКАТТАУ КУӘЛІГІ
Фильмнің атауы ______________________________________________________
Форматы ____________ Серияларының саны _______ Хронометражы _________
Жанры ____________________________ Түрі _____________________________
Шығарушы-ел берген көрермендердің жас шегі (индексі) ________________
Шығарушы-студия _____________________________________________________
Шығарушы-ел ________________________________ Шыққан жылы ____________
Сценарийдің авторы ___________________ Қоюшы-режиссер _______________
Қоюшы-оператор ______ _________________ Қоюшы-суретші _______________
Музыкалық шығарманың авторы _________________ Продюсер ______________
Тілі, дубляждау тілдері (олар болған жағдайда) _____________________
____________________________________________ аумағында фильмге құқығы
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ тиесілі.
Фильмді пайдалану құқығының санаты Фильмді пайдалану құқығының
қолданылу мерзімі:
____ ________________ ____________ _______________________ дейін
Көрермендердің жас шегіне қарай фильмнің индексі ____________________
___________________ _______________________ ____________________
(Уәкілетті тұлғаның тегі және аты-жөні) (қолы)
№ ___________________________
(прокаттау куәлігінің нөмірі)