"Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қазанда № 8845 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2014 № 155 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6876 болып тiркелген, 2011 жылғы № 16 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      осы бұйрықпен бекітілген фильмге прокаттау куәлігін беру нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде бекітілген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тiркеуiн;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                М. Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 25 қыркүйектегі  
№ 226 бұйрығына      
қосымша          

Қазақстан Республикасы 
Мәдениет министрінің  
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 46 бұйрығымен     
бекітілген       

Нысан

____________________________________________________
(фильмге прокаттау куәлігін беретін уәкілетті орган)

Астана қаласы                                20__ жылғы « »__________

ФИЛЬМГЕ ПРОКАТТАУ КУӘЛІГІ

Фильмнің атауы ______________________________________________________

Форматы ____________ Серияларының саны _______ Хронометражы _________

Жанры ____________________________ Түрі _____________________________

Шығарушы-ел берген көрермендердің жас шегі (индексі) ________________

Шығарушы-студия _____________________________________________________

Шығарушы-ел ________________________________ Шыққан жылы ____________

Сценарийдің авторы ___________________ Қоюшы-режиссер _______________

Қоюшы-оператор ______ _________________ Қоюшы-суретші _______________

Музыкалық шығарманың авторы _________________ Продюсер ______________

Тілі, дубляждау тілдері (олар болған жағдайда)  _____________________
____________________________________________ аумағында фильмге құқығы
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ тиесілі.

Фильмді пайдалану құқығының санаты     Фильмді пайдалану құқығының
                                       қолданылу мерзімі:
____ ________________ ____________     _______________________ дейін

Көрермендердің жас шегіне қарай фильмнің индексі ____________________
___________________ _______________________      ____________________
    (Уәкілетті тұлғаның тегі және аты-жөні)              (қолы)

№ ___________________________
(прокаттау куәлігінің нөмірі)