Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативін және қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 16-07/443 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қазанда № 8837 тіркелді.

Жаңартылған

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.06.2023 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативі және қағидасы бекітілсін.

      2. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Тайтубаев М.Қ.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 16-07/443 бұйрығымен
бекітілген

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын
қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды
сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық
зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға
жарамсыз деп тану нормативі және қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативі және қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар), "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану тәртібін және нормативін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.06.2023 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік органдардың бөлімшелері және ветеринария саласында қызмет атқаратын мемлекеттік ветеринариялық мекемелер, ветеринария саласында кәсіпшілік қызметтер атқаратын заңды және жеке тұлғалар, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде тиісті жағдай жасауға, шығындарды азайту бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді.

      3. Мемлекеттік органдардың бөлімшелері, ветеринария саласында қызмет атқаратын мемлекеттік ветеринариялық мекемелер, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығаруды, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тануды, мемлекеттік органдардың бөлімшелері, ветеринария саласында қызмет атқаратын мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің басшысының бұйрығымен құрған комиссиясы атқарады. Комиссияның төрағасы - мемлекеттік органдардың бөлімшелері, ветеринария саласында қызмет атқаратын мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің басшысы болады. Комиссияның мүшелері тақ сан және үш адамнан кем болмауы керек.

      4. Ветеринария саласында кәсіпшілік қызметтер атқаратын заңды және жеке тұлғалар, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану үшін, арнайы комиссия құрмай-ақ, өз еркімен есептен шығару немесе жою актісін жасау негізінде жұмыстар атқарады.

      5. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын есептен шығару нормативі, оларды пайдалану сілтемелеріне (нұсқаулықтарына) сәйкес жүзеге асырылады.

2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп
қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару тәртібі

      6. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану және оларды есептен шығару кезінде, комиссия мына растайтын құжаттарымен танысады:

      1) ветеринариялық препараттармен мүліктену (мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша);

      2) жануарлардың энзоотикалық және (немесе) аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды атқару үшін, ветеринариялық препараттарды беру (алып беру) (мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша);

      3) жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезіндегі беру (алып беру);

      4) жемшөп және жемшөп қоспаларын пайдалану (қолдану) кезіндегі растайтын құжаттар (атқарылған жұмыстардың (қызметтердің) актісі және (немесе) атқарылған жұмыстардың (қызметтердің) бағалау актісі және (немесе) басқа растайтын құжаттар) негізімен танысады.

      7. Комиссия жеті жұмыс күні ішінде, осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды, салыстырып тексереді, зерттеу қорытындысы бойынша, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша есептен шығару актісі рәсімделеді. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының бірнеше түрін есептен шығарғанда, тізім жасалынады, ол ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезіндегі есептен шығару актісінің айрылмайтын бөлігі болып табылады.

      Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын пайдалану (қолдану) кезіндегі есептен шығару актісі рәсімделіп, екі данада жасалынады және комиссия мүшелерінің бәрінің қолы қойылады.

      Актінің бірінші данасы есептен шығару үшін бухгалтерияға беріледі, екіншісі - ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақталуына жауапты тұлғада болады.

      Ветеринария саласында кәсіпшілік қызметтер атқаратын заңды және жеке тұлғалар, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару актісін рәсімдеп, 2 дана етіп жасайды, қолдары қойылады.

      Актінің бірінші данасы, ветеринария саласында кәсіпшілік қызметтер атқаратын заңды және жеке тұлғаларға беріледі, екіншісі - ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақталуына жауапты тұлғада болады.

      8. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын пайдалану (қолдану) кезіндегі есепке алу және бухгалтерлік есептен шығару, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес атқарылады.

3. Сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық
зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз
деп тану тәртібі

      9. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын әрі қарай қолдану, өтелдеу (кәдеге жарату) немесе жою мүмкіндіктері жөнінде қажетті сараптама жүргізу және шешім қабылдау үшін, партиясының көлемі (саны) көрсетілген және ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының сақталу шарттарының сақталуына қолайлы жағдай жасалынған, кіруге рұқсат етілмейтін жеке мекен жайда сақталуы қажет.

      10. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын жою мына жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) олардың сақталу мерзімі өтіп кеткенде;

      2) зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша, қолдану жөнінде жарамсыздығы анықталған жағдайда;

      3) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық дәрілік заттардың айналысын реттеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген кезде;

      3-1) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 140 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың айналысын реттеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген кезде;

      4) бұзылғандығы туралы нақты белгілері анықталғанда.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.06.2023 № 222 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының сақталу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, оларды жоюға арналған комиссиясы:

      1) сақталудағы ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының бар екенін растайтын тізімі бойынша құжаттарды тексереді;

      2) сақталу мерзімі өтіп кеткендіктен есептен шығарылуға тиісті ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының (аты, көлемі (саны), сериясы (партиясы) және басқа мәліметтерді) анықтайды.

      12. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қолданылуы жөнінде жарамсыздығы танылған жағдайда, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын жоюға арналған комиссиясы:

      1) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының бар екенін растайтын тізімі бойынша құжаттарды тексереді;

      2) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының қолданылу бойынша қолдану жарамсыздығының себебін анықтайды;

      3) зертханалық зерттеулердің нәтижелерінің қорытындысы бойынша қолдану үшін жарамсыздық танытқан белгілері арқылы есептен шығаруға жататын ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының көлемін (санын) анықтайды;

      4) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары жөніндегі мәліметтерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерінде көрсетілген қорытындысымен, бір-бірімен салыстырады.

      13. Жойылатын ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары, осы өнім үшін өзгеше өң беретін өткір иіс шығаратын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе бояғыштармен жарамсыздандырылады.

      14. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын жою, осы Қағиданың 11 және 12 тармақтарында көрсетілген жүргізілген шаралардың қорытындысы бойынша, комиссиялық түрде жою жүзеге асырылады.

      15. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттарды жою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 болып тіркелген) бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларына сәйкес келісілген нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.06.2023 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Комиссия жеті жұмыс күні ішінде, осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды, салыстырып тексереді, зерттеу қорытындысы бойынша, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес үлгісі бойынша, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын жою актісін рәсімдейді. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларының бірнеше түрін жойған кезде, жою актісінің ажырамайтын бөлігі болып табылатын, тізім жасалады.

      Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларының жою актісі екі дана жасалынып, комиссияның барлық мүшелері қолдарын қояды.

      Актінің бірінші данасы есептен шығару үшін бухгалтерияға беріледі, екіншісі ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының сақталуына жауапты тұлғада болады.

      Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларының жою актісі, қолдану кезінде ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен екі дана жасалынып, қолдарын қояды.

      Актінің бірінші данасы ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға беріледі, екіншісі ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының сақталуына жауапты тұлғада болады.

      17. Жойылған ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларының жүргізілген бухгалтерлік есебі және бухгалтерлік есептен шығарылуы, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, бухгалтерлік есеп бойынша және қаржылық есептілік бойынша жүзеге асырылады.

  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөп қоспаларын
пайдалану кезінде оларды есептен
шығару, сондай-ақ оларды сақтау
мерзімдері өткеннен кейін жою
немесе зертханалық зерттеу
нәтижелері бойынша мақсатына
қарай пайдалануға жарамсыз деп
тану нормативіне және қағидасына
1-қосымша

Мемлекеттік органдардың бөлімшелері және ветеринария саласында қызмет атқаратын мемлекеттік ветеринариялық мекемелер, ветеринария саласында кәсіпшілік қызметтер атқаратын заңды және жеке тұлғалар

_________________________________

_________________________________




Кодтары



ББН (ЖБН)




Негіздеме

Құжаттың нөмірі

Жасалған күні





      ______________________________________________________ есептен шығару

      (ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларының аталуы)

Актісі №____

р/р №-і

Ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының атауы

Өлшем бірлігі

Көлемі (саны)

Дайындалған күні, Сериясы (партиясы)

Бастапқы құны, теңгемен

Бірлік үшін бағасы, теңгемен

Сомасы, теңгемен

Нөмірі

Номенклатуралық

Тізімдеу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






















      Есептен шығару себебі _______________________________________________

      Сапалық сипатамалары ________________________________________________

      Комиссияның қортындысы ______________________________________________

      Қосымшасы: Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ___________ ____________________________ _________

      лауазымы тегі, аты және әкесінің аты қолы

      Комиссия мүшелері: ___________ _____________________________ ________

      лауазымы тегі, аты және әкесінің аты қолы

      ___________ _____________________________ ________

      лауазымы тегі, аты және әкесінің аты қолы

  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөп қоспаларын
пайдалану кезінде оларды есептен
шығару, сондай-ақ оларды сақтау
мерзімдері өткеннен кейін жою
немесе зертханалық зерттеу
нәтижелері бойынша мақсатына
қарай пайдалануға жарамсыз деп
тану нормативіне және қағидасына
2-қосымша

Мемлекеттік органдардың бөлімшелері және ветеринария саласында қызмет атқаратын мемлекеттік ветеринариялық мекемелер, ветеринария саласында кәсіпшілік қызметтер атқаратын заңды және жеке тұлғалар

_________________________________

_________________________________



Кодтары





ББН (ЖБН)




Негіздеме

Құжаттың нөмірі

Жасалған күні





      ________________________________________________________________ жою

      (ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспалары)

Актісі №____

р/р №-і

Ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының атауы

Өлшем бірлігі

Көлемі (саны)

Дайындалған күні, Сериясы (партиясы)

Бастапқы құны, теңгемен

Бірлік үшін бағасы, теңгемен

Сомасы, теңгемен

Нөмірі

Номенклатуралық

Тізімдеу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Жою себебі __________________________________________________________

      Сапалық сипатамалары ________________________________________________

      Комиссияның қортындысы ______________________________________________

      Қосымшасы: Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ___________ ____________________________ _________

      лауазымы тегі, аты және әкесінің аты қолы

      Комиссия мүшелері: ___________ _____________________________ ________

      лауазымы тегі, аты және әкесінің аты қолы

      ___________ _____________________________ ________

      лауазымы тегі, аты және әкесінің аты қолы