Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қазанда № 8815 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және нормалары 2013 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Қағидалардың 1-қосымшасын қоспағанда, 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы 
№ 237 қаулысымен    
бекітілді         

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару шартының шегінде жүзеге асырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға қолданылмайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) баға белгілеу – почта, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің қаржы құралдары бойынша баға ұсыныстары;
      2) қарсы әріптес – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;
      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      4) халықаралық қаржы ұйымы – халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
      5) principal protected notes - эмитенттің негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздар;
      3. Қағидалардың мақсатында уәкілетті органмен Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағасынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің де және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының да (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағалары танылады.
      Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық және (немесе) ұлттық шәкіл бойынша бірнеше рейтингілік баға бар болған кезде, есепке уәкілетті орган таныған рейтингілік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингілік бағасы есепке алынады.
      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры айрықша Қор салымшыларының (алушыларының) мүддесіне қызмет етеді.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 35 және 36-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құнын есептеуді Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жүргізеді.
      6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіпте және талаптармен тартылатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.
      Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясында белгіленеді.
      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіпте және талаптармен тартылатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің (бұдан әрі – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері) және ерікті зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, инвестициялық басқаруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қабылданған зейнетақы активтерінің есебін жеке-жеке жүргізеді.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі есебінің жүйесінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінен және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының баланстан тыс шоттарында есепке алынуы арқылы жекеленеді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері бойынша олар өндіріліп алынбайды.

2. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібі

      8. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің қызметін Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 52-бабында белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
      9. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті активтері есебінен мәмілелерді ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.
      10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында мына талаптарды сақтаған кезде, жасалады:
      1) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сатып алу бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде берілген ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналыста болатын халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілелерді жасау күнінде қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең жоғарғы мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;
      2) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сату бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде берілген ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналыста болатын халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілелерді жасау күнінде қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең төмен мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;
      3) principal protected notesті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде сатып алуға және (немесе) сатуға бағамның талдамасы бар болған не осындай бағамдар жоқ болған кезде, түрлі үш қарсы әріптестен кемінде үш бағам бар болған жағдайда жасалады. Егер қарсы әріптес осы қаржы құралына бағам бермесе, қарсы әріптестің бағамы болмауы не қаржы құралына баға беруден бас тартуы жөніндегі хабарламасы мәмілелерді жасау туралы есепке (құжатқа) енгізіледі;
      4) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық (шетелдік) қаржы ұйымы осы мәміле бойынша қарсы әріптес болып табылады;
      5) туынды қаржы құралдарын қоспағанда, осы қаржы құралдары бойынша жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді орындамауысыз мүмкін болмайтын «төлемге қарсы жеткізілім» қағидаты бойынша халықаралық (шетелдік) есептік-депозитарлық (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation ұқсас) жүйелер арқылы жүзеге асырылады.
      11. Мына жағдайларды:
      1) эмитент инвестициялық портфеліндегі облигацияларды акцияларға айырбастауын;
      2) басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыруды;
      3) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акцияларды сатып алу талабын;
      4) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сатуды;
      5) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемлерін айырбастауды;
      6) қор биржасы мәмілені жасау кезінде сауда-саттығын ашпаған бағалы қағаздарды сатуды;
      7) эмитенттің меншікті бағалы қағаздарын сатып алуын жүзеге асыруды;
      8) Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер шығарған (ұсынған), бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп саудаланатын қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелерді жасауды;
      9) Қағидалардың 1022 және 23-тармақтарында көзделген талаптарды ескеріп жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау жағдайларын қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қайталама нарықта жасалатын мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдармен мәмілелер айрықша тек қана ұйымдастырылған нарықта жасалады.
      12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен «principal protected notes» сатып алған кезде есеп айырысу Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген талаптарды ескеріп, «төлемге қарсы жеткізілім» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
      13. Ұйымдастырылған нарықтағы мәмілелерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне кастодиандық қызмет көрсету шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелер мыналармен:
      1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының үлестес тұлғаларымен;
      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі акционерлеріне тиесілі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқарушылармен;
      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары шығарған акцияларды және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі акционерлерінің жарғылық капиталында қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушылармен;
      4) Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғаларымен жасалмайды.
      14. Өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын, қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алмайды.
      15. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тұлғалар шығарған (ұсынған) және Қағидалардың 2-қосымшасының 2-тармағында айқындалған тізбеге кіретін қаржы құралдарын сатып алу бойынша мәмілелерді жасамайды.
      16. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздарды сатып алу бойынша инвестициялық шешімдерді мына:
      1) эмитенттің дефолты (эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда);
      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «буферлік санаты» санатына аудару;
      3) қор биржасы бұл бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқта тұру күнінен бастап қабылдамайды.
      17. Мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру кезінде сатып алу бойынша мәмілелерді қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.
      Зейнетақы активтері есебінен жасалатын «кері репо» мәмілелері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жасалады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» операцияларының мәні болып табылады.
      18. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы Қағидаларда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін пруденциялық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осындай сәйкессіздікпен байланысты инвестициялық қызметін дереу тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) іс-шаралардың атауын, олардың орындалуына жауапты ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін және орындалу мерзімдерін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шаралардың орындалғаны туралы есептерді ұсынады. Іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Салымның сомасы мен ол бойынша сыйақының сомасы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шоттарына банк салымы шартының мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен кешіктірмей есепке алынады.
      20. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банктегі инвестициялық шоттарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкінің халықаралық (шетелдік) кастодиан-банктердегі корреспонденттік шоттарына және кастодиан-банктің халықаралық (шетелдік) депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - халықаралық (шетелдік) ұйымдардағы шоттарына келіп түсетін зейнетақы активтері ұлттық валютаға қатысты он жұмыс күні ішінде, шетел валютасына қатысты күнтізбелік отыз күн ішінде ағымдағы міндеттемелерді шегергенде толық көлемде инвестициялауға жатады.
      21. Егер бағалы қағаздар Қағидалардың 2-қосымшасының талаптарына сәйкес келмегенде, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жоғарыда аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде осындай бағалы қағаздарды сатады.
      22. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен туынды қаржы құралдармен мәмілелерді егер осы қаржы құралдарының базалық активі зейнетақы активтерінің құрамына кірген жағдайда хеджирлеу мақсатында ғана жасайды.
      23. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде аталған мәміле бойынша қарсы әріптес тиісті құралдар бойынша түрлі үш қарсы әріптестен үштен кем емес бағамдар бар болған кезде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы болып табылады.
      24. Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті инвестициялық портфелін дербес басқарса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерін инвестициялау саясатына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасалады.
      25. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті активтері есебінен мыналарды:
      «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын;
      инвестициялық портфельді басқарушыларды;
      брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;
      консалтинг немесе актуарлық қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғаларды құруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы сияқты оның шегіндегі заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатыспайды.
      26. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен жасалмайды.
      27. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер хеджирлеу мақсатында ғана егер базалық активі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінің құрамына кірген жағдайда жасалады.
      28. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарды сақтаған кезде жасалады.
      29. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен мәмілелер Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды және мына жағдайларды:
      1) бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп саудаланатын, Қазақстан Республикасының резиденті эмитенттері және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелерді жасауды;
      2) Қағидалардың 272829 және 30-тармақтарында көзделген талаптарды ескеріп жасалған туынды қаржы құралдармен мәмілелерді жасасуды қоспағанда, айрықша ұйымдастырылған нарықта жасалады.
      30. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде аталған мәміле бойынша қарсы әріптес тиісті құралдар бойынша түрлі үш қарсы әріптестен үштен кем емес бағамдар бар болған кезде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы болып табылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының және (немесе) ерікті  
жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметін жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша           

Зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры айдың әрбір күнтізбелік күннің аяғында зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны қандай да болмасын айда осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептелген осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы құнын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мына формула бойынша есептейдi:

      Қi - осы күннің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің құны;
      ЗАі - осы күннің аяғында осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;
      ШБі - осы күннің аяғында осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.
      4. Осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):

      ЗА (і-1) – алдыңғы күнтізбелік күннің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;
      Жi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні түскен зейнетақы жарналары;
      Ti - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтерін осы күнгі ауыстыру;
      Кі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша осы күнге есептелген инвестициялық кірісі;
      Аі1 - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын уақтылы ауыстырмағаны үшін осы күні алған өсімпұл;
      Аі2 - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін уақтылы инвестицияламағаны үшін осы күні алған өсімпұл;
      Hi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан осы күнге есептелген зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жасалған ауыстыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына жасалған ауыстыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотына қателесіп түскен сомалар бойынша міндеттемелер (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және оған қызмет көрсететін кастодиан банк түскен күні қателесіп түскен деп таныған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және салымшылардың жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда);
      КСi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күнге есептелген комиссиялық сыйақылары.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:

      ШБ (і-1) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің аяғындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;
      Қ (і-1) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күннің аяғындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.
      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны туралы анықтаманы (бұдан әрі - анықтама) осы қосымшаның 1 және 2-нысандарына сәйкес электрондық нысанда есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ай сайын ұсынады.
      Есептердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
      7. Есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға жетілдірілген анықтаманы және анықтамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсіндірмені ұсынады.

1-нысан

______________________________________________________ жылға
(айдың атауы) (күнтізбелік жылды цифрмен белгілеу)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің
бір шартты бірлігінің орташа құны туралы
анықтама

Күні

Зейнетақы жарналары, келіп түсті

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан ауыстыру

Алынған өсімпұл

Төлемдер және жасалған ауыстыру

Есепке қате алынған сомалар бойынша міндеттемелер

зейнетақы жарналарын уақтылы ауыстырмағаны үшін

зейнетақы активтері уақтылы инвестицияланбағаны үшін

төленді

есептелді


1

2

3

4

5

6

7

8

кестенің жалғасы

Зейнетақы активтерінің комиссиялық сыйақысы

Инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы

«Таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

Шартты бірліктердің саны1

Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны 2

Зейнетақы активтері бойынша бір күнде есептелген инвестициялық кіріс

есептелді

төленді

есептелді

төленді

9

10

11

12

13

14

15

16

Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

Бас бухгалтер
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

Орындаушы: ___________________________ _________ ____________________
          (лауазымы, тегі, аты)          (қолы)    (телефон нөмірі)

Есепке қол қойған күн 20 _____ жылғы «_____» __________

Мөр орны

1Үтірден кейін нақты үш белгіге дейін.
2Үтірден кейін нақты жеті белгіге дейін.

2-нысан

______________________________________________________ жылға
(айдың атауы) (күнтізбелік жылды цифрмен белгілеу)    
_____________________________________________________________________
(ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ілік септігіндегі қысқартылған
атауы)
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің
бір шартты бірлігінің орташа құны туралы
анықтама

Күні

Зейнетақы жарналары, келіп түсті

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан ауыстыру

Алынған өсімпұл

Төлемдер және жасалған ауыстыру

Есепке қате алынған сомалар бойынша міндеттемелер

зейнетақы жарналарын уақтылы ауыстырмағаны үшін

зейнетақы активтері уақтылы инвестицияланбағаны үшін

төленді

есептелді


1

2

3

4

5

6

7

8

кестенің жалғасы

Зейнетақы активтерінің комиссиялық сыйақысы

Инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы

«Таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

Шартты бірліктердің саны1

Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны2

Зейнетақы активтері бойынша бір күнде есептелген инвестициялық кіріс

есептелді

төленді

есептелді

төленді

9

10

11

12

13

14

15

16

Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
_____________________________________________________________________
           (тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

Бас бухгалтер _______________________________________________________
               (тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

Орындаушы: ___________________________ _________ _________________
              (лауазымы, тегі, аты)      (қолы)   (телефон нөмірі)

Есепке қол қойған күн 20_____ жылғы «_____» __________

Мөр орны

1Үтірден кейін нақты үш белгіге дейін.
2Үтірден кейін нақты жеті белгіге дейін.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы   
қорының және (немесе) ерікті  
жинақтаушы зейнетақы қорларының 
қызметін жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша            

Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы құралдарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін орналастыратын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігіне шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар

3.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иемденетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздар

5.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

6.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBВ-»-тен «kzВ+» дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі отыз алты айдан аспайтын мерзімдегі салымдар

7.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары

8.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Еуразиялық даму банкі
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Ислам даму банкі;
Америка аралық даму банкі;
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы.

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойына «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

10.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
мөлшері мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес бас ұйымның не Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті бас ұйымның кепілдігіне эмитент шығарылымын жүзеге асыратын борыштық бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары;
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылған шетел ұйымдарының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі - № 189 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары

11.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
№ 189 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша «kzВ»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
№ 189 қаулыда көзделген «өзге де борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
№ 189 қаулыда көзделген «өзге де борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;
басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 189 қаулыда көзделген «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;
эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған бағалы қағаздар.

12.

Осы тармақтың реттік нөмірі 9-жолында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздардың эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнінен кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылған;
2) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі - ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы біліктілік талаптарға сәйкес келуі негізінде танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілік) кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін қор биржасына ұсынылған;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы ұйымның соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біреуіндегі таза кірісі ұйымның соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша сатылымының соңғы екі жылдың әрқайсысындағы көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
8) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
9) осы бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінде болуы кезінде борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;
10) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

13.

Осы тармақтың реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнінен кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылған; 2) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы олардың біліктілік талаптарға сәйкес келуі негізінде танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігін) аяқталған соңғы қаржы жылы үшін қор биржасына ұсынған;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы ұйымның соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес аяқталған соңғы үш жылдың біреуінде таза кірісінің болуы;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы қаржы жылындағы негізгі қызметі бойынша сатылымының көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
8) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
9) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

14.

«Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-»-тен төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары.

15.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 189 қаулыда көзделген «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына және мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары:
шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша жылжымайтын мүлік қоры міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің кемінде жетпіс бес пайызын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;
жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның үлестес тұлғаларынан сатып алынбаған;
жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлікпен басқаруға берілген;
жалға беру шартымен белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі кемінде бір жылды құрайды;
жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі.

16.

Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және бұл қауымдастықтың құжаттарында «Лондонның сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдар және он екі айдан аспайтын мерзімге орналастырылған, оның ішінде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі металл депозиттері

17.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, мына талаптарға сәйкес келетін ұйымдар шығарған рrincipal protected notes:
айналыс мерзімі үш жылдан аспайды;
рrincipal protected notes шығару талаптарында қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайлары көзделмеген

18.

Осы қосымшада көрсетілген акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар

19.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары, шетел валютасы, мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) базалық активі болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар:
1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index);
2. DAX (Deutscher Aktienindex);
3. CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);
4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index);
5. TOPIX (Tokyo Price Index);
6. HSI (Hang Seng Index);
7. ENXT 100 (Euronext 100);
8. RTSI (Russian Trade System Index);
9. DJIA (Dow Jones Industrial Average);
10. S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);
11. FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);
12. KASE (Kazakhstan Stock Exchange);
13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)

      2. Мынадай қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық көлемі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің бес пайызынан аспайды:

1.

№ 189 қаулыда көзделген инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда, эмитенттері «өзге де борыштық бағалы қағаздар» шағын санатының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

2.

Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 189 қаулыда көзделген «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына сәйкес келетін пайлары

3.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «BB-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар қаржы құралдары базалық активі болып болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар

4.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 189 қаулыда көзделген «Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына және мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары:

жылжымайтын мүлік қорының шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;

жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің кемінде жетпіс бес пайызын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;

жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның үлестес тұлғаларынан сатып алынбаған;

жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлікпен басқаруға берілген;

жалға беру шартында белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі кемінде бір жылды құрайды;

жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі

5.

«Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-» төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-» төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары

6.

Осы қосымшаның 1-тармағының реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнінен кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылған;
2) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы біліктілік талаптарға сәйкес келуі негізінде танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігін) аяқталған соңғы қаржы жылы үшін қор биржасына ұсынған;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы ұйымның соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес аяқталған үш қаржы жылының біреуінде таза кірісінің болуы;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылындағы сатылымының көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
8) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
9) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.