Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 07 қазанда № 8786 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және оның мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені туралы және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 күн ішінде ақпарат құралдарына жариялау туралы жіберілгенін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы        
Көлік және коммуникациялар министрінің
2013 жылғы 28 қыркүйектегі     
№ 763 бұйрығымен бекітілген    

Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға
құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік
талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 1-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттары мен ұсынымды тәжірибесіне (Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының «Авиациялық персоналға куәлік беру» 1-қосымшасы, «Жеке құрамға куәлік беру мемлекеттік жүйесін құру және осы жүйені басқару жөніндегі нұсқаулық» ИКАО 9379 құжаты, «Оқыту ұйымдарын бекіту жөніндегі нұсқаулық» ИКАО 9841 құжаты, «Персоналды даярлау» ИКАО 9868 құжаты) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Біліктілік талаптары куәліктерге біліктілік белгілерін, сондай-ақ шектеулер мен берілетін құқықтарға қатысты арнайы белгілерді енгізу мақсатында авиациялық персонал біліктілігінің деңгейін анықтау құқығы бар жеке тұлғалардың сәйкестік критерийлерін анықтайды.
      3. Кейіннен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуімен, емтихан алушыларды даярлаудың және олардың әрі қарай қызмет етуінің басты мақсаты авиациялық персонал куәлігін алуға кандидаттардың және осындай куәлігі бар тұлғалардың, сондай-ақ азаматтық авиация мамандарының басқа санаттарының біліктілігін бағалау үшін авиациялық персонал санынан құзыретті тұлғаларды және авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдарында нұсқаушыларды ұйымдастыру болып табылады.
      4. Азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау кезінде білімдерін, дағдылары мен ептіліктерін аралық, кезеңдік (модуль бойынша) бағалау үшін, емтихан алушылар ретінде АОО нұсқаушыларын және құзыреттерді бағалаушыларды қатыстыруға рұқсат етіледі.

2. Терминдер мен анықтамалар

      5. Осы біліктілік талаптарында қолданылатын негізгі түсініктер:
      1) адамның мүмкiндiктерi – авиациялық қызмет қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiне әсер ететiн адамның қабiлеттерi мен оның мүмкiндiктерiнiң шектерi;
      2) АОО – авиациялық оқу орталығы;
      3) аспаптар бойынша жердегi жаттығу уақыты – пилот ұшуды айнытпай көрсететін жаттықтыру құрылғысында жерде аспаптар бойынша айнытпай көрсетіп ұшуды атқаратын уақыт;
      4) аспаптар бойынша ұшу уақыты – пилот сыртқы бағдарларды пайдаланусыз тек аспаптар бойынша ғана әуе кемесiн тікелей басқаруды жүзеге асыратын уақыт;нұсқаушы – авиациялық персоналды өзінің біліктілігіне сәйкес кәсіптік даярлау бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын тұлға;
      5) біліктілік - өзінің қызметтік міндеттерін және атқарымдарын тиімді орындау үшін талап етілетін білім, ептілік пен дағдылардың үйлесімі;
      6) біліктілік белгісі – куәлікке жазылған немесе оған және осы куәлікке қатысы бар ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулер көрсетілетін оның бөлігі болып табылатын жазба;
      7) емтихан алушы (емтихан тапсырушы немесе аттесталушы маман) – сәйкес біліктілігі бар, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес авиациялық персонал куәлігін алуға кандидаттарға және оларды иеленушілерге қатысты нақты бағалау (тексеру, тестілеу және т.с.с. рәсімдер) жүргізуге уәкілетті және тағайындалған жеке тұлға;
      8) қауіп-қатер мен қателер факторларын бақылау – қауіп-қатерлердi табу және оларға қауіп-қатерлер салдарын азайтатын немесе жоятын және қателердiң немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендететiн бақылау шараларының көмегiмен әрекет ету;
      9) нұсқаушы – авиациялық персоналды өзінің біліктілігіне сәйкес кәсіптік даярлау бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын тұлға.

3. Емтихан алушыларға қойылатын жалпы талаптар

      6. Авиациялық персонал куәлігі берілетін тұлғаларды бағалауды жүзеге асыратын емтихан алушының біліктілігін алуға кандидатқа төмендегідей мамандандыру үшін ортақ біліктілік талаптары қойылады:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген, нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 7058 тіркелген Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес және сәйкесінше, төменде аталғандардан қолданыстағы куәлікті қолданушы болып табылатын, нұсқаушы біліктілігінің бар болуы:
      әуесқой ұшқыш (ұшақ, тікұшақ);
      коммерциялық ұшқыш (ұшақ, тікұшақ);
      желілік ұшқыш (ұшақ, тікұшақ);
      аса жеңіл авиация ұшқышы;
      штурман;
      бортрадист;
      бортинженер (бортмеханик);
      бортсерік;
      бортоператор;
      әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман;
      ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері;
      авиациялық станцияның операторы.
      2) кем дегенде кәсіптік білімін, дағдылары мен ептіліктерін бағалауға уәкілетті авиациялық персоналдың куәліктері мен біліктілік белгілеріне тең, біліктілік белгілерін иелену;
      3) бағаланатын қызмет бейіні бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі;
      4) емтихан алушы ретінде сәйкес кәсіптік даярлау;
      7. Қызметі авиациялық персонал куәлігін беру (мерзімін ұзарту) немесе онда біліктілік белгісін қою мақсатында құзыреттерді қорытынды бағалаумен байланысты емес, ал азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау кезінде білімін, дағдылары мен ептіліктерін аралық, кезеңдік (модуль бойынша) бағалауға бағытталған, АОО мамандарының емтихан алушы біліктілігін алуға кандидатқа мынадай талаптар қойылады:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысымен бекітілген, Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары бөлімдерінде көрсетілген сәйкес кәсіптік даярлаумен АОО нұсқаушысы ретіндегі қызмет;
      2) емтихан алушы ретінде сәйкес кәсіптік даярлау.
      8. Емтихан алушылар кәсіби дайындау теориялық и практикалық даярлаудан тұрады.
      9. Емтихан алушыларды теориялық даярлау тек АОО-да стационарлық оқыту түрінде ғана жүргізіледі және оған кем дегенде, мыналарды:
      1) емтихан алушының қызмет аясына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді;
      2) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың қызмет саласының ерекшеліктерімен байланысты нормативтік құжаттарын және емтихан алушының міндеттеріне қатысты нұсқаулық материалды;
      3) адамның мүмкіндіктері мен шектеулерін, оның ішінде қызмет саласына сәйкес қауіп-қатер мен қателер факторларын;
      4) оған қатысты білімін, дағдылары мен ептіліктерін тексеру жүзеге асырылатын тұлғамен жұмыстық өзара қатынастарды анықтау принциптерін;
      5) бағалау жүргізу принциптері мен әдістерін, барабар баға қоюды және кандидаттардың білімі, дағдылары мен ептіліктерінің сәйкестігін анықтауды, оның ішінде бағалау бойынша негізделген шешім қабылдауды, бағаланатын жеке тұлғаға бағалау нәтижелері туралы конструкциялық ақпарат беруді;
      6) құжаттама жүргізуді, оның ішінде жиналған деректердің дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз етуді, құжаттарды тіркеуді, жүргізілетін тексерістер мен нәтижелерге қатысты емтихан тапсырушылардың дербес деректерін қорғау бойынша шараларды зерделеу кіреді.
      10. Практикалық даярлау тағылымдамадан өту түрінде іске асырылады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда, азаматтық авиация кәсіпорнында немесе АОО-да жүргізілуі мүмкін.
      11. Емтихан алушыларды практикалық даярлауға кем дегенде:
      1) нұсқаулық, емтихан алушыларға кандидаттың білімі, дағдылары мен ептіліктері деңгейін тексеру жүргізу;
      2) ұйымдастыруды көрсету және сәйкес санатты және қызмет бейіні бар емтихан алушының басшылығымен емтихан өткізуге даярлық;
      3) емтихан тапсырушыдан сауалнама алу, оны бағалау, тексеру рәсімдерін құжаттау кіреді.

4. Емтихан-алушы пилотқа қойылатын арнайы біліктілік талаптары

      12. Емтихан алушылардың пилоттарға арналған алты негiзгi тағайындауы анықталады:
      1) емтихан алушы-пилот – (FE(A));
      2) типі бойынша біліктілік белгісінің (рейтингiнің) емтихан алушысы – (ТRE(A));
      3) класы бойынша біліктілік белгісінің (рейтингiнің) емтихан алушысы – (СRE(A));
      4) аспаптар бойынша ұшуға жiберудiң емтихан алушысы – (IRE(A));
      5) кешендi оқыту бойынша емтихан алушы – (SFE(A));
      6) емтихан алушы – пилот–нұсқаушы – (FIE(A)).
      13. Емтихан алушыларда кемiнде олар кәсiптiк дағдыларын бағалау, жаттықтыру немесе ұшу дайындығын тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген пилоттардың куәлiктерi мен біліктілік белгілеріне (рейтингiлеріне) тең куәлiктерi және біліктілік белгілері (рейтингiлері) болады.
      14. Әуе кемесі командирінің кәсiптiк дағдыларын бағалауды, жаттықтыру немесе ұшу дайындығын тексеруді әуе кемесі конмандирінің функцияларын орындау үшiн бiлiктiлiктері бар емтихан алушылар жүзеге асырады.
      15. Бiлiктi емтихан алушылар болмағанда Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қалауы бойынша шетелдік емтихан алушы-пилоттарды тартуға рұқсат етіледі не болмаса уәкілетті органның рұқсатымен білікті бағалау үшін аспаптар бойынша ұшуға рұқсаттың типінің/класының біліктілік белгілері (рейтингiлері) жоқ емтихан алушы-пилоттар жіберілуі мүмкін.
      16. Емтихан алушы рұқсатын алуға кандидаттың нұсқаулықты, дағдыларын тестiлеу, ұшуды талқылауды және жазбалар/құжаттама құрастыру жүргізілетін iзденушiнi бағалауды, дағдыларын тестiлеуді қоса алғанда, ол үшін осы рұқсат талап етiлетiн, сәйкес емтихан алушы ретiнде дағдыларын кемінде бiр рет тестiлеуі болады.
      17. Осы бөлiкте көрсетiлген бiлiктiлiк пен тәжірибеге қойылатын талаптарға сәйкестік болған жағдайда, қандай да бiр міндеттерді жүзеге асыру үшiн емтихан алушылар FE(A), ТRE(A), СRE(A), IRE(A), SFE(A) немесе FIE(A) ролiн орындаумен ғана шектелмейді.
      18. «Ұшақ» емтихан алушы-пилот (FE) рұқсатын алуға кандидатта мыналар болады:
      1) бiр мүшелiк әуе кемесiнiң сәйкес FE біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшiн, емтихан алушы әуе кемесінiң пилоты ретiнде кемінде 1000 сағ ұшуды орындады;
      2) бiр мүшелiк әуе кемесiнiң сәйкес FE біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшiн, емтихан алушы әуе кемесінiң пилоты ретiнде кемінде 2000 сағ ұшуды, соның iшiнде СPL (коммерциялық пилот куәлігі) үшiн кемінде 250 сағ ұшу дайындығын орындады.
      19. «Тiкұшақ» емтихан алушы-пилот (FE) рұқсатын алуға кандидатта мыналар болады:
      1) бiр мүшелiк әуе кемесiнiң сәйкес FE біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшiн, емтихан алушы әуе кемесінiң пилоты ретiнде кемінде 1000 сағ ұшуды орындады;
      2) бiр мүшелiк әуе кемесiнiң сәйкес FE біліктілік белгісін (рейтингiн) алу үшiн, емтихан алушы әуе кемесінiң пилоты ретiнде кемінде 2000 сағ ұшуды, соның iшiнде СPL (коммерциялық пилот куәлігі) үшiн кемінде 250 сағ ұшу дайындығын орындады.
      20. «Ұшақ» емтихан алушы-пилот ТRE(A) рұқсатын алуға кандидатта көп мүшелiк әуе кемесiнiң пилоты ретiнде кемінде 1500 сағ, соның iшiнде ӘКК ретінде кемінде 500 сағ ұшу болады және ТRI (А) біліктілік белгілері (рейтингi) немесе рұқсаты болуы тиіс.
      21. «Тiкұшақ» емтихан алушы-пилот ТRE(Н) рұқсатын алуға кандидатта тiкұшақта бiрнеше пилоттармен пилот ретiнде кемінде 1500 сағ ұшу, соның iшiнде ӘКК ретінде кемінде 500 сағ ұшу болады және ТRI (Н) біліктілік белгісі (рейтингi) болуы тиіс.
      22. Бiр пилоты бар көп қозғалтқышты тiкұшақтарға ТRE(Н) рұқсатын алуға кандидатта, тiкұшақта пилот ретiнде кемінде 1000 сағ ұшу, соның iшiнде ӘКК ретінде кемінде 500 сағ ұшу болады және ТRI(Н) біліктілік белгісі (рейтингi) болуы тиіс.
      23. Бiр пилоты бар бiр қозғалтқышты тiкұшақтарға ТRE(Н) рұқсатын алуға кандидатта тiкұшақта пилот ретiнде кемінде 750 сағ ұшу, соның iшiнде ӘКК ретінде кемінде 500 сағ ұшу болады және FI(Н) немесе ТRI (Н) біліктілік белгісі (рейтингi) болуы тиіс.
      24. СRE(А) емтихан алушы-пилот рұқсатын алуға кандидатта әуе кемесiнің пилоты ретiнде кемінде 500 сағ ұшу және куәлігі болады.
      25. «Ұшақ» емтихан алушы-пилот IRE(А) рұқсатын алуға кандидатта әуе кемесiнiң пилоты ретiнде кемінде 2000 сағ ұшу, соның iшiнде IFR (аспаптар бойынша ұшу ережесі) болғанда кемінде 450 сағ, оның iшiнде пилот-нұсқаушы ретiнде 250 сағ ұшу болады.
      26. «Тiкұшақ» емтихан алушы-пилот IRE(Н) рұқсатын алуға кандидатта IRI(Н) бойынша біліктілік белгілері (рейтингi), тiкұшақ пилоты ретiнде кемінде 2000 сағ ұшу, соның iшiнде аспаптар бойынша кемінде 300 сағ ұшу, оның iшiнде пилот-нұсқаушы ретiнде 250 сағ ұшу болады.
      27. «Ұшақ» емтихан алушы-пилот SFE(А) рұқсатын алуға кандидатта ATPL(A) желiлiк пилот куәлiгi және көп пилотты әуе кемесiнiң пилоты ретiнде кемінде 1500 сағ ұшу және SFI(A) біліктілік белгісі (рейтингi) болады.
      28. «Тiкұшақ» емтихан алушы-пилот SFE(Н) рұқсатын алуға кандидатта сәйкес тiкұшақ типiне IR(H) бірге ATPL(A) желiлiк пилот куәлiгi, тiкұшақ командирi ретiнде кемінде 1000 сағ ұшу және SFI(Н) біліктілік белгілері (рейтингi) болады.
      29. «Ұшақ» емтихан алушы-пилот FIE(А) рұқсатын алуға кандидатта ұшақ пилоты ретiнде кемінде 2000 сағ ұшу, соның iшiнде FI(А) біліктілік белгісі (рейтингi) бар iзденушiлерге нұсқаулық беру үшін кемінде 100 сағ ұшу болады.
      30. «Тiкұшақ» емтихан алушы-пилот FIE(А) рұқсатын алуға кандидатта:
      FI(H), TRI(H) немесе IRI(H) біліктілік белгілері (рейтингтерi);
      FE(H), TRE(H) немесе IRE(H) рұқсаты болады;
      тiкұшақ пилоты ретiнде кемінде 2000 сағ және FI(H), ТRI(H) немесе IRI(H) біліктілік белгісіне (рейтингiне) дайындау кезінде кемінде 100 сағ ұшу болады.