"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп, отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 289-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 04 қазанда № 8775 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына(Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4825 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы № 128 (1331) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
      2. Экологиялық реттеу және бақылау комитет осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол алғашқы рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Н. Қаппаров