Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 28) тармақшасына, 48-бабы 3-тармағына, 71-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің келесі бұйрықтарына өзгерістер енгізу:
1) «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-Ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4844 болып тіркелген, 2007 жылғы 17 тамыздағы № 126 (1329) «Заң газетінде» жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесінде:
11-тармақтың 2) тармақшасын алып тастау;
2) «Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1720) «Заң газетінде» жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуде:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;».
2. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров