Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8688 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 795 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.10.2017 № 795 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 29 тамыздағы
494 бұйрықпен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің
тізбесі

р/р

Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамаларының түрлері

Сараптамалық мамандық

1

Сот-медициналық сараптама


1.1

Мәйіттерді сот-медициналық сараптау

Жалпы сараптамалық зерттеу

1.2

Сот-гистологиялық сараптама

Сот-гистологиялық зерттеу

1.3

Сот-биологиялық сараптама

Сот-биологиялық зерттеу

1.4

Медициналық-криминалистикалық сараптама

Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу

1.5

Молекулалық-генетикалық сараптама

Сот молекулалық-генетикалық зерттеу

1.6

Химиялық-токсикологиялық сараптама

Сот химиялық-токсикологиялық зерттеу

2

Сот-наркологиялық сараптама

Сот-наркологиялық зерттеу

3

Сот-психиатриялық сараптама

Сот-психиатриялық зерттеу