Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2016 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы Ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (С.П. Базарбаев):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оны ресми жариялауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Төраға М. Оспанов
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының
2013 жылғы 23 тамыздағы
№ 264-НҚ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінде жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті
және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
р/с № |
Дербес деректердің атауы |
1. Жеке деректер |
|
1.1 |
Тегі |
1.2 |
Аты |
1.3 |
Әкесінің аты |
1.4 |
Туған жылы туралы деректер: туған жылы; туған жері |
1.5 |
Ұлты |
1.6 |
Білімі, мамандығы |
1.7 |
Жынысы |
1.8 |
Отбасы жағдайы |
1.9 |
Азаматтығы туралы деректер: |
1.10 |
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
1.11 |
Портрет суреті (цифрлы сурет) |
1.12 |
Қолы |
1.13 |
Жеке басын куәландыратын құжаттар деректері: |
2. Негізгі деректер |
|
2.1 |
Өмірбаяны |
2.2 |
Арнайы тексеру нәтижелері |
2.3 |
Декларация |
2.4 |
Ант |
2.5 |
Шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер |
2.6 |
Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда) |
2.7 |
Еңбек өтілі: оның ішінде: |
жалпы өтілі; |
|
2.8 |
Марапаттар |
2.9 |
Тәртіптік жаза |