Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 199 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8672 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 199 қаулысымен    
бекітілген        

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің
есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялау қағидалары

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібін және мерзімдерін айқындайды.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді қаржы құралдарының атауы мен санын (номиналын), сондай-ақ осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліне пайыздық арақатынасын көрсете отырып, Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда мемлекеттік тілде және орыс тілінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау үшін кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын пайдаланады және (немесе) көрсетілген ақпаратты Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін интернет-ресурста орналастырады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы деректерді жариялау (орналастыру) үшін пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қағидаларына енгізеді.
      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді орналастыру үшін пайдаланатын интернет-ресурстың сервері өткізгіштік қабілеті кемінде 20 Mbit/sec байланыс арнасы бойынша Интернет желісіне қосылады. Интернет желісіне қосылу үшін деректерді беру жылдамдығы 128 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желісін пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын іске қосу уақыты парақты графикамен және басқа элементтермен толықтыруға қарай 10 секундтан аспайды.
      Интернет-ресурста ақпаратты орналастыру күні мен уақыты көрсетіледі, сондай-ақ олардың тұрақты сақталуы қамтамасыз етіледі.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жарияланады (орналастырылады).
      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтердегі деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті есепті күнгі бағамы бойынша ұлттық валюта - теңгемен көрсетіледі.
      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялағаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау (орналастыру) үшін пайдаланылған бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, растайтын құжаттардың қосымшаларымен бірге Қағидалардың 2 және 5-тармақтарының орындалғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне ұсынады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерінің есебінен 
инвестициялық портфелінің құрылымы
туралы мәліметтерді       
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
бұқаралық ақпарат құралдарында  
жариялау қағидаларына      
қосымша              

Нысан

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің
есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің
20__ жылғы «___» «_______» жағдай бойынша
құрылымы

Эмитенттің атауы және қаржы құралының түрі

Қаржы құралының сәйкестендіргіші

Номиналды құнның (базалық активтің) валютасы

Рейтингісі

Өтеу күні

1

2

3

4

5











кестенің жалғасы

Саны (номиналдық құны)

Ағымдағы құны

Инвестициялық порфтельдегі үлес салмағы, %

Ескерту

6

7

8

9









      Кестені толтыру бойынша түсініктемелер:
      1-бағанда қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде, «кері РЕПО» операциясының нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті және басқалары) көрсетіледі.
      2-бағанда бағасы белгіленетін қаржы құралдарының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралдары үшін Ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН), Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (International Securities Identification Number – ISIN) не банк депозитін ашуға арналған шарттың нөмірі көрсетіледі.
      3-бағанда қаржы құралы номинирленген «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» 07 ИСО 4217-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі.
      4-бағанда борыштық бағалы қағаздар үшін бағалы қағаздың рейтингтік бағасы, эмитенттің (банктің) акциялар (банктік салым) үшін рейтингісі не қарсы әріптестің туынды қаржы құралдары үшін рейтингісі, сондай-ақ рейтингілік бағаны берген рейтингілік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингілік баға болған жағдайда рейтингілік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шкала бойынша ең жоғары рейтингілік бағасы көрсетіледі.
      5-бағанда шығарылым (мәміле (шарт)) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар («кері РЕПО» операциясы немесе банк салымы немесе туынды қаржы құралы) үшін «күні/айы/жылы» форматында өтеу (жабу) күні көрсетіледі, үлестік және өзге де мерзімі көрсетілмеген бағалы қағаздар үшін бұл баған толтырылмайды.
      6-бағанда акциялар үшін данамен көрсетілген саны, облигациялар үшін номиналдық құны көрсетіледі.
      7-бағанда есептелген сыйақыны қоса алғанда, қаржы құралдарының құнсыздануын есепке ала отырып, есепті күндегі олардың ағымдағы жиынтық сомасы мың теңгемен көрсетіледі.
      8-бағанда қаржы құралының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі үлес салмағы үтірден кейін екі мәнге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
      9-бағанда қаржы құралдарымен жасалатын мәміленің мәнін нақтылайтын қаржы құралдары туралы қосымша ақпарат көрсетіледі (мысалы, егер бағалы қағаз «кері РЕПО» операциясы нәтижесінде алынған жағдайда, бұл бағанда тиісті белгі қойылады).