Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.02.2024 № 31/қе (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы | Н. Әбіқаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген |
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауға тартқан адамдарды ұстау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) әкімшілік ұстауға тартылған адамдар үшін арнайы жабдықталған үй-жай (бұдан әрі – арнайы үй-жай) – әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды (бұдан әрі – ұсталған адамдар) тәулік бойы ұстауға арналған модульдік үлгіде жабдықталған бөлмелер мен үй-жайлар кешені;
2) әкімшілік ұстау – жеке тұлғаны жеке бостандығынан, атап айтқанда арнайы үй-жайда белгілі бір уақытқа мәжбүрлі түрде ұстай отырып, іс-қимыл және қозғалу бостандығынан уақытша айыру, оның құқыққа қарсы әрекеттерін алдын алу мақсатында.
2. Ұсталған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау тәртібі
3. Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауды "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 787-бабының 4), 5) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға күдікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында қолданады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасының 19.05.2015 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Арнайы үй-жайларда ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігіне, ізгілік, тұлғаның ар-намыс және қадір-қасиетін құрметтеу қағидаларына, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Шекара қызметі уәкілетті лауазымды тұлғасының Кодекстің
788-бабында көзделген тәртіпте жасаған әкімшілік ұстау хаттамасы адамдарды арнайы үй-жайларға анықтау үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасының 19.05.2015 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау мерзімі және оны санау тәртібі Кодекстің 789-бабына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасының 19.05.2015 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Арнайы жабдықталған үй-жайда келесі адамдар:
1) әкімшілік ұстау қолданылған кәмелеттік жасқа толмағандар ересек адамдардан;
2) әкімшілік ұстау қолданылған әр түрлі жыныстағы азаматтар;
3) бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар бөлек ұсталады.
8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған адамның өтініші бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкімшілігі, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етіледі. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі міндетті.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.09.2019 № 74 қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Ұсталған адамдар Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіпте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беруі мүмкін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасының 19.05.2015 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Арнайы үй-жайларда ұсталған тұлғалардың өз еріктерімен кетіп қалмауын қамтамасыз ететін тәуліктік кезекшілік режимі орнатылады.
Режимнің сақталуына бақылауды ұйымдастыру арнайы үй-жай орналасқан аумақтағы бөлімше бастығына жүктеледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Ұсталған адамдарға күнделікті аулада серуендеуіне мүмкіндік беріледі.
12. Арнайы үй-жайдың күнделікті қызметін ұйымдастыру үшін аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің, штатында арнайы үй-жайлар бойынша жауапты әскери лауазым қарастырылады. Арнайы үй-жайлар бойынша жауапты қызметтік мәселелер бойынша аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына бағынады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Арнайы үй-жайда тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің арнайы үй-жайлар бойынша жауаптысы:
1) арнайы үй-жайдағы режимді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезекшілік қызметті күнделікті бақылайды;
2) арнайы үй-жайдағы санитарлық жағдайға, үй-жайға уақытында санитарлық өңдеу жүргізуге және төсек жабдықтарының ауыстырылуына бақылауды жүзеге асырады;
3) материалдық құндылықтардың сақталуына және арнайы үй-жайдағы іс жүргізуге жауап береді;
4) заттай айғақтар мен оларды сақтауға арналған бөлмеде орналасқан ұсталған адамдардың жеке заттарын жауапты сақтауға алады;
5) ұсталған адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізеді, ол уақытта әкімшілік ұстауды қолданудың негіздемесі және әкімшілік құқық бұзушылықтың жіктелуі, ұсталған адамның құқығы түсіндіріледі, ұсталған азаматтарды осы Қағидалармен және күн тәртібімен таныстырады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Арнайы үй-жайда режимді, ұсталған адамдарды, заттай айғақтар мен ұсталған адамдардың жеке заттарын күзету және ұстауды қамтамасыз ету үшін аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі әскери қызметшілерінің қатарынан кезекшілік қызмет тағайындалады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Кезекшілік қызметтің құрамын аумағында арнайы үй-жай орналасқан бөлімшенің бастығы анықтайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Арнайы үй-жай жанындағы кезекшілік қызметтің құрамына арнайы үй-жай бойынша кезекші, арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі (бес ұсталған адамға бір кезекшінің көмекшісі есебінен) тағайындалады.
17. Ұсталған адамдар немесе заттай айғақтар болмаған жағдайда аумағында арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бастығының шешімі бойынша кезекшілік тағайындалмайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Арнайы үй-жай бойынша кезекші өзінің қызметін атқару кезеңінде аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, аумақтық бөлімше және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі бойынша арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыға және кезекшіге (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) бағынады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Арнайы үй-жай бойынша кезекші:
1) арнайы үй-жайға жеткізілетін және ол жерден босатылатын ұсталған адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді;
2) мынадай есепке алу құжаттарында тиісті жазбалар жүргізеді:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу журналына;
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жайлар бойынша кезекшілікті қабылдау және өткізу кітабына;
осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабына;
осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы сұрақ-жауап алу және медициналық көмек көрсетуді тіркеу журналына;
осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заттай айғақты сақтауға арналған бөлмедегі құжаттар және заттай айғақтарды есепке алу журналында тиісті жазбалар жүргізеді;
3) ұсталған адамдар арнайы үй-жайға жеткізілген кезде, сондай-ақ кезекшілікті қабылдау-өткізу кезінде оларға сыртқы тексеру жүргізеді;
4) ұсталған адамдарды бөлмелерге орналастырады;
5) ұсталған адамдарға тиесілі, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық құралы болып табылмайтын заттарды, құжаттарды, ақшалар мен құнды заттарды күзетуге қабылдайды және сақталуын қамтамасыз етеді, және оларға босатылған кезде қайтарып береді;
6) барлық жеткізілген, орналастырылған және босатылған адамдар туралы анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, сондай-ақ арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және аумақтық бөлімше және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі бойынша кезекшіге (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) баяндайды;
7) күн тәртібінде белгіленген уақыт бойынша ұсталған адамдардың серуендеуін ұйымдастырады;
8) ұсталған адамдардың барлық шағымдары мен арыздары туралы анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, сондай-ақ арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыға уақытылы баяндайды;
9) ұсталған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда Шекара қызметінің тиісті аумақтық бөлімшесінің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшесінің медициналық қызметкерін, ол жоқ болған жағдайда денсаулық сақтау мекемесінің жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады. Болған жағдай туралы анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және аумақтық бөлімше және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі бойынша кезекшісіне (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) тез арада хабарлайды;
10) заттай айғақтарды сақтауға арналған, арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесі қызметкерінің мөрлерімен мөрленген бөлмені күзетке қабылдайды;
11) адамдарды ұстау мерзімі бойынша есеп жүргізеді. Ұстау мерзімінің аяқталуына дейін бір сағат бұрын анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, ал ол жоқ болған жағдайда оны алмастыратын адамға хабарлайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі қызмет атқару кезеңінде арнайы үй-жай бойынша кезекшіге бағынады. Арнайы үй-жайдың кезекшісі жоқ болған жағдайда оның міндеттерін атқарады.
21. Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі:
1) байланыс құралдарының және арнайы үй-жайға орнатылған сигнализацияның істен шығып қалмауын қадағалайды;
2) арнайы үй-жайға өткізу режимін жүзеге асырады, ұсталған адамдардың бөлімшенің аумағынан өз еріктерімен шығып кетулеріне және бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
3) ұсталған адамдардың іс-әрекеттеріне үнемі бақылау жасайды, өз өзіне қол жұмсауды немесе дене жарақаттарын болдырмаудың алдын алу бойынша алдын алу шараларын қабылдайды;
4) үй-жайда тәртіптің сақталуына қадағалау жүргізеді;
5) бөлмелердің жай-күйін, олардың жарамдылығын тексереді және анықталған кемшіліктер туралы арнайы үй-жай бойынша кезекшіге баяндайды;
6) ұсталған адамдардың арнайы үй-жайда болған кезде, сондай-ақ оларға еріп-жүру кезінде күзетілулеріне жауап береді;
7) ұсталған адамдарды таңертеңгілік және кешкілік жуынулары, табиғи қажеттіліктеріне барулары кезінде және серуендеулері кезінде күзетеді;
8) Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі ұсталған адамдарды күзету кезінде олармен сөйлесуіне, олардан әлде бір нәрсе алуға немесе беруге, сондай-ақ өз міндеттерін орындауға кедергі жасайтын өзге де әрекеттер жасауға жол берілмейді;
9) Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі ұсталған адамдармен еріп-жүру үшін оларды сапқа тұрғызады және ұсталғандардың арттарынан екі-үш қадам және сол жақтарына (оң жақтарына) еріп жүріп оларды басқарады.
22. Арнайы үй-жайда:
ұсталған адамдарды ұстауға арналған кемінде екі бөлме;
заттай айғақтарды сақтауға арналған бөлме;
ұсталған адамнан сұрақ-жауап алуға, жеке тексеріс және заттарына тексеріс жасауға арналған бөлме;
арнайы үй-жайлар бойынша жауаптының бөлмесі;
арнайы үй-жай бойынша кезекшілік қызметінің бөлмесі;
жуынатын бөлме және дәретхана;
серуендету алаңы жабдықталады.
23. Бөлмелер арнайы электрлі жарықпен жабдықталады, электрлі шамдар бөлменің төбесінде орналастырылып, органикалық әйнекпен немесе берік сынбайтын материалмен қоршалады. Жарықты жағып-өшіру құрылғысы әр бөлменің дәліз жағында орналастырылады. Дәретхана есігінің жанында ашалы розеткалар орналастырылады.
24. Бөлмелер ұсталған адамдардың санына қарай төсек-орын керек-жарақтары бар кереуетермен, орындықтармен, үстелдермен, су ішуге арналған ыдыспен, киім-кешекке арналған шкафпен, жуынуға арналған заттарды қоятын сөрелермен және қоқысқа арналған шелекпен жабдықталады.
25. Әр бөлмеде күн тәртібі мен күнтізбе ілініп тұрады. Барлық бөлмелер кезекшілік қызметінің қызметкерін шақыруға арналған шақырту құралымен жабдықталады.
26. Бөлме есіктері арнайы құлыптармен жабдықталады, құлыптардың кілттері арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыда және кезекшісінде сақталады.
27. Арнайы үй-жай медициналық керек-жарақтардың қажетті жинағы бар бірінші жедел жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасымен қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек қобдишасы кезекшілік қызметінің бөлмесінде сақталады.
Дәрі-дәрмек қобдишасының ішінде болуы тиіс заттарға және ол заттардың жарамдылық мерзімін арнайы үй-жайлар бойынша жауапты қамтамасыз етеді. Кез келген дәрілік заттар қолданылғаннан кейін дәрі-дәрмек қобдишасы қайтадан толықтырылуы тиіс.
28. Арнайы үй-жайда серуендету алаңы жабдықтандырылады, жалпы ол алаңның көлемі 16 шаршы метрден кем болуы тиіс. Серуендету алаңына асфальт салынады немесе ештеңе қосылмаған тапталған топырақ болуы керек. Серуендету алаңының ортасында отыратын орындық орналастырылады, бұрыштарының бірінде қоқысқа арналған шелек орналастырылады. Серуендету алаңына шығару есігі қарау кезегімен жабдықталады.
29. Арнайы үй-жайда дәретхана орналастыру мүмкін болмаған жағдайда арнайы үй-жайдың сыртында дәретхана немесе биодәретхана орналастырылады.
Сыртта орналасқан дәретхана су кірмейтін шұңқырларға орналастырылады. Шұңқырға орналастырылған дәретханалар уақытылы тазаланады және залалсыздандыралады.
30. Жылыту мерзімінде арнайы үй-жайдың температурасы +180С төмен түспеуі керек. Арнайы үй-жай кеш батқаннан таң атқанша жарықпен қамтамасыз етіледі.
31. Арнайы үй-жай бойынша жауапты арнайы үй-жайда және оған іргелес аумақта тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді.
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Басталды: 20__ж."____"_______
Аяқталды: 20__ж."____"_______
Кері беті
р/н № | Ұсталған адамның тегі, А.Т.Ж., туған жылы, азаматтығы | Ұстауға негіз, ұстау хаттамасының нөмірі, күні, уақыты және ұстау аяқталған уақыт | Құқық бұзушыны ұстаған лауазымды тұлға | Ұсталған тұлғаның мүліктері (бағалы заттар, ақша, киімдер және басқалар) | Ұсталған тұлғаның өз мүліктерін сақтауға тапсырғаны туралы қолы | Ұстауға алған арнайы үй-жай бойынша кезекшінің тегі, А.Т.Ж., атағы (күні, уақыты, қолы) | Шығуға негіз: босату, әкімшілік ұстау мерзімінің аяқталуы, қабылдау орналастыруға ауыстыру | Ұсталған адамды арнайы үй-жайдан босатқан (жіберген) лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (күні, уақыты, қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Арнайы үй-жай бойынша кезекшілікті қабылдау және өткізу
КІТАБЫ
Басталды: 20__ж."___"______
Аяқталды: 20__ж."___"______
Кері беті
Арнайы үй-жай бойынша кезекшілік қызметті өткізу баянаты еркін түрде жазылады және мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) кезекшілікті қабылдау және өткізу туралы;
2) ұсталған адамдарды қабылдау-тапсыру туралы;
3) арнайы құралдарды, кілттерді қабылдау-өткізу туралы;
4) кезекшілік уақытында арнайы үй-жайда орын алған оқиғалар туралы;
5) кезекшілік кезінде арнайы үй-жайда жабдықтарындағы (сигнализация, байланыс, жарық беру, торлар, құлыптар және тағы басқалар) табылған олқылықтар туралы;
6) инженерлік қызметтің арнайы үй-жайға техникалық тексеріс жүргізгені туралы;
7) бөлімше бастығының немесе басқа да тексеруші адамдардың кезекшілік қызметтің қызмет атқаруын тексергендігі туралы;
8) жаңадан келіп түскен ұсталған адамдардың және одан шыққандардың саны туралы.
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Шағымдар мен ұсыныстар кітабы
Басталды: 20__ж."____"______
Аяқталды: 20__ж."____"______
Кері беті
р/н № | Өтініштің келіп түскен күні, айы, жылы, уақыты | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты | Шағым немесе ұсыныс мазмұны | Өтінішпен танысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты | Қабылданған шаралар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы
сұрақ – жауап алу және медициналық көмек көрсетуді тіркеу
ЖУРНАЛЫ
Басталды: 20__ж."____"______
Аяқталды: 20__ж."____"______
Кері беті
р/н № | Тегі, аты, әкесінің аты | Жасы | Келіп түскен күні | Шағымдары | Келіп түскенде анықталды | Қабылданған шаралар | Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің ескертпесі | |||
медицина қызметкерін шақырту және келу уақыты | медициналық көмек көрсетудің сипаты | ауруханаға жатқызу, емдеу мекемесінің атауы | арнайы үй-жайдың кезекшілік қызметіне ұсыным | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Заттай айғақты сақтауға арналған бөлмедегі құжаттар
және заттай айғақтарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Басталды: 20__ж."____"________
Аяқталды: 20__ж."____"________
Кері беті
р/н № | Заттай айғақтың атауы | Саны | Істің № айыпталушының, күдіктінің, сотталушының, құқық бұзушының тегі, аты, әкесінің аты | Жауапты адамның аты-жөнін көрсете отырып, нақты сақталған жері | Кімге және қашан сақтауға, қарауға берілді | Заттай айғаққа қатысты соттың шешімі | Заттай айғақтар кімге, қашан берілді, күні, айы, жылы, уақыты | Орындалғаны туралы белгі, күні | Лауазымды тұлғалардың қолдары, күні және уақыты | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |